- Advertisement -

82

- Advertisement -

Көктемде өтуі тиіс ҰБТ кейінге қалдырылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты

«ҰБТ туралы айтатын болсақ. Сіздер бүгінде ҰБТ жылына төрт рет өтіп жүргенін білесіздер, келесі ҰБТ наурыз айының соңында ақылы түрде өтуі керек болатын. Бірақ біз енді ҰБТ-ны кейінге қалдыра тұруды шештік. Жазда өтетін ҰБТ туралы айтатын болсақ, ол кезге қарай барлығы нақты белгілі болады деп ойлаймыз, яғни елдегі эпидемиологиялық жағдай жайында», — деді министр.

Балабақшалар жұмысын жалғастырады — министр

Оның айтуынша, әзірше оқушылардың оқуын жазға қалдыруға себеп жоқ.

«Біз тек каникул мерзімін 21 наурыздан 16 наурызға ауыстырдық. Жалпы алғанда ештеңе өзгермейді. Эпидемиологиялық жағдай ушығатын болса, қашықтан оқуға көшеміз», -деді Асхат Аймағамбетов.

Еске салайық, мұның алдында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз — 5 сәуір каникул болатынын мәлімдеген еді.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support