«Анаға тағзым» орталығы ашылды

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Анаға тағзым» орталығы ашылды. Оның ең негізгі мақсаты – аналарға құрмет көрсету.
Студенттер жатақханасынан орын берілген шағын орталыққа ұл-қыздары осы колледжде оқитын ата-аналар келіп, балаларының жатын орнын көріп, тіпті бір-екі күн қасында болып, олардың тұрмыс-тіршілігімен, оқу барысымен танысып, баласына аналық мейірім шуағын төге алады. Ұстаздармен кездесіп, баласының сабағына қатысып, колледждің оқу-өндірістік базасымен жете танысады.
Жатақханада бір мезгілде жүзден аса студент жата алады. Қазір ондағы алпыстан аса білімгер екі мезгіл тегін тамақтанады. Оқу корпусы мен жатақхана аймағына 88 бейнекамера орнатылған.
Жақында осы орталықтың ашылу рәсімі өтті. Колледж басшысы Саясат Есеев алдымен жиналған барлық аналарды әйелдер мерекесімен құттықтап, «Анаға тағзым» орталығының мақсаттарымен таныстырды. Одан соң орталықтың лентасын колледждің байырғы оқытушысы, зейнеткер Тұрсынкүл Сағымбекова мен алтын құрсақты ана Мария Әлімбекова салтанатты жағдайда қиды. Содан кейін аналар бөлмесінде жайылған дастарханнан дәм татты.
Аналар жатақханамен танысып болған соң оларға шағын залда мерекелік концерттік бағдарлама көрсетілді.

Әсел Мұратбекқызы.

Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/