- Advertisement -

Әлемнің тірегі – ана

100

- Advertisement -

Облыстық архивте өңірдің қоғамдық-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан аналардың, әйелдердің жеке тектік құжаттары сақталған. Мәселен, Социалистік Еңбек ерлерінен бастап, ақын, білім беру ісінің, спорт саласының үздіктері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртістері, журналист, мәдениет қайраткерлері, Жамбыл облысы мен Тараз қаласының Құрметті азаматтары атағын алғандардың өмірбаяны мен облысқа сіңірген еңбегі жөнінде мәлімет беретін фото-құжаттар бар. Бүгінде тарихи дерекке айналған мұраларды жамбылдықтар мәжіліс залында қойылған «Ананың жүрегі – әлемнің тірегі» атты көрмеден келіп көре алады.
Жеке қорлардан алынған 30-дан аса құжатты сурет көрмесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Көрменің ашылу салтанатында облыстық архивтің директоры Қалдыкүл Башенова сөз сөйлеп, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі аясында ашылып отырған құжаттар көрмесінің мән-маңызына тоқталды.
Құжаттар көрмесіндегі жеке тектік қордан алынған әр тұлғаға арналған құжат суреттер келушілердің қызығушылығын туғызды. Гүлсін Орынбаева, белгілі кәсіпкер Гүлдара Нұрымова, «Қаралма» ЖШС-ның директоры Балагүл Махатовалар қатысқан шарада облыстық «Қызыл Жарты Ай» филиалының директоры Оразкүл Тастемірова бұл іс-шара әйелдердің қоғамдағы рөлін айқындай түскенін айтты.
Іс-шарада белгілі әнші Бақыт Шағырбаев жырдан шашу шашып, әуелете ән шырқады.

Сағындық Зейнуллаұлы,
облыстық мемлекеттік
архивтің бөлім басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support