- Advertisement -

Арулар– асыл жандар!

33

- Advertisement -

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аруларды мерейлі мерекемен құттықтады. «Достық» үйінде өткен салтанатты жиынға бас-аяғы 70-ке жуық әйел қатысты.

Өңір басшысының ыстық ықыласына бөленгендер қатарында «Батыр» аналар, көп балалы аналар, әр салада жемісті еңбек етіп, өлкеміздің, еліміздің дамуына үлкен үлес қосқан арулар бар. Аяулы жандарға ақ тілегін арнаған Бердібек Мәшбекұлы:
– Бүгінде жамбылдық нәзік жандылар барлық салада елеулі еңбек етіп келеді. Сіздердің іскерліктеріңіз бен жоғары жауапкершілік қасиеттеріңіз өндіріс пен әлеуметтік салада, басшылық және бизнесте де үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік беруде.
Қазақ қызы қашанда сұлулығымен, даналығымен ғана емес, ерлігі және қайсарлығымен дараланған. Осынау көктемнің жарқын мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға береке тілеймін, – деді.
Мереке қарсаңында мерейлері үстем болған нәзік жандылар жиын соңында облыс басшысымен естелікке суретке түсіп, аз-кем сұхбат құрды.

Маржан Рақай

Суретті түсірген
Ақәділ Рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support