- Advertisement -

Барша әйел қауымына алғысымызды білдіреміз

72

- Advertisement -

Қымбатты аналар, аяулы ханымдар!
Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен  шын жүректен құттықтаймыз!
8 наурыз  – ерекше жылылықпен атап өтетін, барша аналар мен аруларға  айрықша құрмет көрсететін мереке. Бұл күні аяулы аналарымыз бен қыз-келіншектерге гүл шоқтары мен түрлі  сыйлықтар ұсынылып, айрықша мейірім мен сезімге бөлене түседі.
Бүгінде жамбылдық нәзік жандылар барлық салада елеулі еңбек етіп келеді. Сіздердің іскерліктеріңіз бен жоғары жауапкершілік қасиеттеріңіз  өндіріс пен әлеуметтік салада, басшылық пен бизнесте де үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік беруде десек артық айтпаймыз.
Қазақ қызы қашан да сұлулығымен, даналығымен ғана емес, ерлігі және қайсарлығымен дараланған. Әйел қауымы – ең әуелі ардақты ана, отбасының ұйытқысы. Ол перзенттеріне тәлім-тәрбие беру жолында жан жылуын, жүректегі мейірімін аяған емес. Ерінің тірегі, қамқоршысы, ақылшысы болып, үнемі жетістіктерге жетуге шабыттандырып отырады. Сол үшін де барша әйел қауымына алғысымызды білдіргіміз келеді.
Осынау көктемнің жарқын мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге мықты денсаулық, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға береке тілейміз!
Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден шырайлы шаттық кетпесін!
Құрметпен, облыс әкімі
Бердібек Сапарбаев.
Облыстық мәслихаттың хатшысы
Бағлан Қарашолақов.            

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support