- Advertisement -

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты халықаралық әйелдер күніне жоспарланған салтанатты жиын өтпейді

63

- Advertisement -

Президент осындай шешім қабылдады

Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концерт өткізбеу жөнінде шешім қабылданды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің туиттер парақшасында жазды.

«Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қ. жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым.Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр.Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін»,- деді ол.

Айта кетейік, Коронавирусқа байланысты Қазақстанмен байланысты 50-ден аса халықаралық рейс тоқтатылды. Коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша эпидемиологиялық қаупі жоғары елдерде 95 мыңнан астам Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді. Сонымен, Оңтүстік Кореяда – 35000, АҚШ-та – 40000, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 5100, Германияда – 5000, Ұлыбританияда – 3000, Италияда – 1800, Францияда – 1000 азаматымыз жүр.

Қазір коронавирус әлемнің 60 елінде таралып, вирус жұқтырғандардың саны 87 мыңнан асқан. Оның 80 мыңы – Қытайда, 4 мыңы – Оңтүсік Кореяда, 879-і – Иранда, 128-і – Италияда, 241-і – Жапония, 102-і – Сингапурда.

Бүгінге дейін Қытайдан 480 адам эвакуацияланған. Қытаймен тұрақты әуе рейстері, жаяу жүру бекеттері, көлік қатынасы, теміржолмен жолаушы тасымалы тоқтатылды. 5 наурыздан Әзірбайжанмен әуе рейстері қысқарады. Иран азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады.

Ал Қазақстанда әзірге қауіпті вирус ресми  тіркелген жоқ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support