- Advertisement -

Қала ортасындағы қаңырап жатқан жерді қайтеміз?

"Ақ жолдың" ащы бұрышы

82

- Advertisement -

Ташкент көшесінің бойындағы бұрынғы базарлар мен автобекеттің орны мен оның маңайы бүгінде құлазыған қу далаға айналған. Қазір онда өткен күннен белгі болып таудай-таудай үйінділер ғана қалған. Асфальт жолдың екі жағы да үйілген тас пен қоқыстарға толы. Бұған қала тұрғындары да қынжылыс білдіруде.
– Мен осы маңға жақын Артемов көшесінде тұрамын. Ары-бері өткенде осы жердің қараусыз бос жатқаны қалай деп ойлаймын. Ең болмаса мына қоқыс боп жатқан тастарды тазарту керек қой. Әр үйде ойын баласы бар. Олар үлкен тастарға сүрініп, жазым болып, жараланып қалса қайтеміз? Осыны тиісті мекеме басшылығы назарға алып, ретке келтіруі қажет, – деді Тамара Базарбаева.
Тамараның сөзін тараздық Бейбіт Берекеұлы да қоштап отыр. Ол Ташкент көшесінің бойында тұрады екен.
Осы маңайға Ақмола, Қылышбай көшелері де жақын орналасқан. Көше тұрғындары мұндай қараусыз жермен жүру оңай емес екенін айтады. «Жолдың екі шеті жұмыс іздеген жалдамалылардың тұрағына айналды. Осының өзі көрер көзге жағымсыз», – дейді олар.
Қысқасы, бұған Тараз қаласы әкімдігі тарапынан қадағалау қажет-ақ. Үйінді тастарды алып, оның орнына сирек кездесетін сәндік талдардың көшеттерін отырғызып, жасыл желекпен көмкеріп аллеялар жасап, ажарлы аумаққа айналдырса, халыққа қызмет көрсететін ғимараттар салса, егесіз жатқан жердің ажары ашылар еді.
Қалай десек те, елсіз даладай құлазып жатқан осы жерді жөнге келтіретін уақыт жетті.

Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы.

Суреттерді түсірген
Ақәділ Рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support