- Advertisement -

Қордай ауданында жағдай тұрақты

86

- Advertisement -

22 ақпандағы жағдай бойынша Қордай ауданында барлық әлеуметтік нысандар: мектеп, балалар бақшасы, медициналық нысандар, сауда орындары мен дәріханалар штаттық режімде жұмыс істеп тұр.

Масаншы, Сортөбе, Ауқатты, Қарасу және Қаракемер ауылдық округтерінде 16 білім беру нысаны болса, онда 12 274 оқушы білім алады. Сабаққа 11 688 оқушы (жалпы оқушылардың 95,2 проценті) келген. Барлық 1045 мектеп мұғалімі, яғни 100 процент өз жұмыс орнында.
11-21 ақпан аралығында Ауқатты, Бұлар батыр, Сортөбе және Масаншы ауылдарындағы 936 отбасыға 119,8 тонна азық-түлік, гигиеналық заттар, дәрі-дәрмектер, ыдыс-аяқ сияқты қажетті тауар түрлерімен гуманитарлық көмек көрсетілді. «Нұр Ниет» қоғамдық қорына 9,3 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек жиналды. Зардап шеккен отбасыларға 2,3 миллион теңге көлемінде материалдық көмек берілді.
Құрамына Масаншы, Сортөбе, Ауқатты, Қарасу және Қаракемер ауылдық округтерінің ақсақалдары мен беделді тұрғындары кірген Қоғамдық келісім кеңесі құрылды. Оның төрағасы болып Қордай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдібек Сейілханов тағайындалды. Кеңестің мақсаты негізінен аудан тұрғындары арасында бірлік пен ынтымақты нығайта түсу үшін бірлескен мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға ден қояды.
Сондай-ақ ауылдарды тазартуға 61 техника және 274 адам жұмылдырылып, 896 тонна қоқыс шығарылды. Көктемгі дала жұмыстарына да дайындық басталды.
Ауданда жағдай қалыпты, мәселе облыс әкімінің тұрақты бақылауында.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support