- Advertisement -

2 мыңнан астам қордайлықтың құжаты қалпына келтірілді

41

- Advertisement -

Қордайдағы қақтығыс салдарынан көптеген тұрғынның құжаты жоғалып, жанып кеткен болатын

Жамбыл облысы Көші-қон қызметі басқармасы зардап шеккен 2 мыңнан астам қордайлықтың құжатын қалпына келтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қордай ауданындағы қайғылы оқиғалар салдарынан көптеген тұрғындардың құжаты жоғалып, жанып кеткен болатын. Осыған байланысты оқиға орнына Жамбыл облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бес қызметкері бар мобильдік тобы келіп жетті. Олар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Қордай ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі және Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің өкілдерімен бірге тұрғындардың жоғалған құжаттарын қалпына келтіруге көмектесті.

8 ақпаннан бастап мобильді ХҚКО халыққа 2080 қызмет көрсетті. Олардың ішінде 57 қалпына келтірілген жеке куәлік пен Қазақстан Республикасының бір паспорты, 31 баланың туу туралы куәлігі, 5 неке туралы куәлік, 17 жылжымайтын мүлікке құжат бар.

Бұдан өзге, Көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өту үшін кәмелетке толмаған балаларға 1970 қосымша парақ берді.

«Біз заң аясында әрекет ете отырып, зардап шеккендерге толыққанды көмек көрсетуге тырыстық. Біздің қызметкерлер қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өз міндеттерін жауапкершілікпен орындады», – деді Жамбыл облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев.

azattyq-ruhy.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support