- Advertisement -

Қаршадай қызды сағындым

201

- Advertisement -

Қаршадай қызды сағындым,
Қайырылып енді келмейтін.
Жамау да жамау жаныңнын
Жыртықтарын кеп емдейтін.

Кішкентай қызды іздедім,
Қабағы бүгін қалай деп.
Мазалы мұңсыз жүрегін,
Жүдетті ме екен дүлей леп.

Балауса шақты аңсадым,
Ертеңгі күнге бұйырмас.
Бүгінге бітпес зар, шағым
Қаламнан қайғы тыйылмас.

Еркелігіме елідім,
Есейіп кеттім тым ерте.
Жаныңның ерке елігін.
Жоғалтып алды бұл өлке.

Арайлы Жақсылық.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support