- Advertisement -

Әйел деген әдемі ғой, әдемі…

262

- Advertisement -

Біздің қоғамның әйел затына деген құрметі де, пейілі де бөлек. Нәзік жандыларымызға ілтипатымыз мейрамда ғана емес, әр күн сайын қылаң беріп, сезіліп тұрады. Олардың шапағатынан да құр алақан емеспіз. Содан кейін ғой, Мұқаңның (Мұқағалидың) «…Әйелдерді еркектерден көп дейді, Ойбай, ойбай, бола берсін көп мейлі. Әйел деген әдемі ғой, әдемі, Әдемілік – бізге көптік етпейді» дейтіні.…Шаңырақтың шамшырағы

Түркілердің «Ұмай ана» түсінігінде әйел тегіне деген ұғым жатыр. Көне түркілердің мифологиясында Ұмай ана ұрпақ жалғастығын жебейтін періште саналады екен. сол ұрпақ жалғастығының иесіне арналған сан мың мадақтың біршамасына ой жүгіртіп көрелік: Әйел – әлемнің ажырамас бөлігі, адамзаттың анасы, тіршіліктің бастау бұлағы, отбасының өзегі, шаңырақтың шамшырағы, сұлулықтың символы, әдеміліктің асыл тәжі, Тәңір-Тағала мейірімінің сынығы, нәзіктіктің қас үлгісі, Алла рахымының жерге түскен шағылысы, ұлы аманаты… Әйел …

«Бәйбіше», «Келінтас», «Қырық қыз»…

Қазақтың данышпандығына дау жоқ. Ұлысын қалай құрметтеуді де біледі. Тарих беттерін қалай таңбалауды да ұғынады. Ұлан-байтақ даламыздың әр жеріне әйел затына қатысты ныспыларды таңа салғаны әлгі сөздің айғағы. Мәселен, «Бәйбіше», «Келінтас», «Қырық қыз», «Отаутас», «Маржантөбе», «Қызтөккен», «Балқаш» көлі, «Келіншектау», «Қыземшек»…Осылай жалғаса береді. «Айша бибі», «Ақбикеш», «Домалақ ана», «Бабажан қатын», «Қарашаш ана», «Гауһар ана» секілді әулие аналарымыздың кесенелері бой көтерген қасиетті орындар да бар. Ал, бұл жер-су аттары мен қасиетті орындар туралы ел ішінде небір қызықты сырға толы әңгімелер шертіледі.
Апамның айналайыны

Реті келгенде, айта салған жақсы. Әңгіме қылып отырған аналарымыздың егде тартқанда бүтін әулетті, ауылды басқаратындары бар. Әлбетте, ол аналардың ақылдылығынан. «Байтал шауып, бәйге алмас» десек те, Ғабит Мүсіреповтің Ұлпанындай аналар көп бізде. Ауылдағы апамды жұрт солардың қатарына қосады. Өйткені ол кісінің ел ішіндегі кішігірім дау-дамайға төрелік айтатыны бар-ды. Сол апамның балаларына, немерелеріне кейігенде, ұрысқанда алдымен аузынан шығатыны ғой: «Тұқымың өскір!», «Көсегең көгергір!», «Ұрпағың көбейгір!»… Қызық! Айналайыны ма, айқайы ма?.. Ұғып болмайсың!
Қаттырақ қапаланғандағы сөзін айтсаңшы, сүйектен өтіп, сырқыратып жібереді: «Атаңды бақтым, әкеңді бақтым, сені бағып, қайбір құйқылжып өмір сүрем дейсің!».
Ал ол кісі айналып, толғанса… қандай күйге бөлейтініне тілім де, сөзім де жетпейді!

Әсел Мұратбекқызы, журналист.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support