- Advertisement -

Асқазанынан 1 килограмм шаш алынды

57

- Advertisement -

Тараздық дәрігерлер 13 жасар қыздың асқазанынан 1 килограмм 200 грамнан астам, ұзындығы 40 сантиметрге жететін шаш алды. Облыстық балалар ауруханасы ота бөлімінің меңгерушісі Мәулім Кенжалының айтуынша, байзақтық оқушыға ота 20 ақпан күні жасалған. Науқас одан 2-3 күн бұрын асқазандағы ауырлық, тамаққа тәбеттің болмауы, салмақ жоғалту сынды шағымдармен дәрігерлерге қайырылған. Тиісті тексерулерден өтіп, ультрадыбыстық зерттеу жасалған соң науқасқа ота жасау жөнінде шешім қабылданған.
Нәтижесінде дәрігерлер Мәулім Қазиұлы мен Эльбрус Салпағаров жасаған ота сәтті шығып, қазіргі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты. Әзірге 10-14 күнге дейін дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады деп күтілуде.
«Осыншама шаш асқазанда қалай пайда болуы мүмкін?» деген сауалымызға Мәулім Қазиұлы науқастың бала кезде шашын аузына салып жүру сынды әдеті болғандығымен байланыстырады.
Айта кетейік, мұндай оқиға Таразда тұңғыш рет орын алып отырған жоқ. Осыдан 5 жыл бұрын, 2015 жылы да аталмыш ауруханада 11 жасар қыздың асқазанынан 1 килограмнан астам шаш алынған еді.

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА

Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support