- Advertisement -

Бұл заң білім сапасын арттыруға бағыт талған

48

- Advertisement -

«Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғалы мұғалімдердің қоғамдағы орны анықталды десе де болады. Қазіргі таңда осы құжаттағы талаптарды іске асыру жұмыстары қызу жүргізілуде. 21 баптан тұратын бұл заң еліміздегі жарты миллионнан астам ұстаздың мәртебесін көтеріп, білім беру сапасын арттыруға жол ашты.

Аталған құжат алдымен ұстаздардың құқықтарын кеңейтуді және өзіне тән емес жұмыстан босатуды, жүктемесін азайтуды көздейді. Сонымен қатар мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейтеді, материалдық жағынан ынталандыруды қамтиды.
Мұнда оқытушылар үшін көптеген жаңашылдық қарастырылғаны қуантады. Мәселен, жалақымыздың 25 процентке өсуі, оның төрт жыл ішінде екі есе артатындығы әріптестерімнің мамандығына деген ынтасын көтереді деп білемін. Енді педагогтерді әскери қызметке шақыру да кейінге қалдырылмақ. Ал келесі жылдан бастап оқу жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа дейін азаяды. «Педагог мәртебесі туралы» Заңның тағы бір жеңілдігі, педагогтің баласына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға бірінші кезекте орын беріледі.
Бұлардан бөлек, тәлімгерлік, педагогикалық шеберлік, сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін, халықаралық конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарына түрлі олимпиадалар мен спорттық жарыстардың лауреаттарын дайындаған педагогтерге, магистр дәрежесі бар ұстаздарға қосылатын үстемеақы да саладағы тың өзгерістерге алып келетініне күмән жоқ. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына берілетін біржолғы сыйақы ұстаздарға деген жоғары құрметтің айшығы. Жалпы, 2024 жылға дейін 5 триллион 3 миллиард теңге осы нормаларды жүзеге асыруға бөлінген екен.
Бір айта кетерлігі, онда ата-ананың жауапкершілігін арттыру, бала құқығын қорғау, ұстаздарға әдепсіз мінез-құлық көрсеткені үшін, орынсыз есептілік, қағазбастылық, заңсыз тексерістер үшін нақты санкциялар, яғни айыппұлдар қарастырылған. Мұның барлығын ұстаздар қауымы елдегі білім беру ісіне жасаған қамқорлық деп білеміз.

Тұрсынай АБДЫҚАДІРОВА,
профессор, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support