- Advertisement -

Қазақстандық теннисші әлемнің үшінші ракеткасын ұтты

35

- Advertisement -

Матч 1 сағат 41 минутқа созылып, екі сетте 7:6, 6:3 есебімен аяқталды.

Қазақстанның атынан жарыстарға түсіп жүрген теннисші қыз Елена Рыбакина өз карьерасында тұңғыш рет әлемдік рейтингтің үздік бестігіне енетін қарсыласты жеңді, деп хабарлайды zakon.kz.

WTA сериясына кіретін теннис турнирі Дубайда өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 19-шы орында тұр. Кеше ол азулы қарсыласы – чехиялық Каролина Плишкованы жеңіп кетті.

Матч 1 сағат 41 минутқа созылып, екі сетте 7:6, 6:3 есебімен аяқталды.

Енді финалға шығу үшін Қазақстан өкілі хорватиялық қыз Петра Мартичпен (WTA рейтингтінде 15-ші орында) ракетка түйістіреді.

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support