- Advertisement -

Қазақстандықтарға 4 процент тік шағын несие беріледі

73

- Advertisement -

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан азаматтарға жылдық мөлшерлемесі 4 проценттен аспайтын шағын несие беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, – деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасап.Министр «Еңбек» бағдарламасының бірқатар тетігі жетілдірілгенін атап өтті. «Көп балалы және табысы аз отбасынан шыққан азаматтарға жеті жылға дейінгі мерзімге жылдық мөлшерлемесі 4 проценттен аспайтын жеңілдетілген шағын несиелер беріледі», – деді Б.Нұрымбетов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен қатар енді қысқа мерзімді оқыту төртжақты келісімшарт жасау арқылы тек жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жүргізіледі. Бұдан бөлек, жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру үшін «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жаңа тетіктері енгізіліп отыр.
«Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың, оның ішінде, табысы аз және көп балалы отбасылар арасында дамытудың маңызы зор. 2019 жылы бес өңірде 204 отбасын қамтыған «Менің кәсібім» жобасы басталды. Биыл «Жасыл экономика» коалициясымен бірлесіп, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсету жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз», – деді ол.
Министр облыс әкімдіктерінен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударуды сұрады. Б.Нұрымбетовтің айтуынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының еңбек нарығына қосып отырған үлесі зор.
«Егер де бағдарлама болмаса, жұмыссыздық деңгейі қазір 4,8 процентті емес, 7,9 процентті құрайтын еді», – деді ведомство басшысы.
zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support