- Advertisement -

Әулиеатадан анахаймға барамыз ба?

62

- Advertisement -

Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізеді. Биыл конкурс Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 11-14 ақпан аралығында өтті.
Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан байқаудың республикалық кезеңіне облыстан 40 жоба ұсынған ғылымға құштар 51 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен жамбылдық 1 оқушы алтын, 2 оқушы күміс және 18 оқушы қола медальмен топ жарып, марапатталды.
Оқушылардың шығармашылық жобалары 4 бағыт бойынша қабылданды. Ұсынылған жобалар сан алуан әрі қызықты. Жұмыстардың көпшілігі тарихи ескерткіштер, өлкетану, этномәдениет, математика, табиғат тақырыбын қамтиды.
Аталған зияткерлік сайысы оқушылардың ғылым негіздеріне қызығушылығын дамыту, жоғары сынып оқушыларын ғылым мен техниканың әртүрлі салаларындағы шығармашылық қызметке тарту мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылардың ғылыми жобаларын қорғаудың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық секциялар онлайн түрде өтті.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздардан тұратын еліміздің құрама командасы 10-15 мамыр аралығында Анахайм қаласында (Калифорния штаты) өткізілетін жыл сайынғы ISEF-2020 оқушылардың халықаралық ғылыми жобалар конкурсына өз жұмыстарын ұсынатын болады.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support