- Advertisement -

Қанатымен су сепкен қарлығаштардай

49

- Advertisement -

Еріктілер жылы аясында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Тараз сервис және технологиялар колледжінің екінші және үшінші курс студенттері Шөлдала саяжайында тұратын жас ана, өмірге екінші сәбиін әкелген Гүлжан Есқараеваның шаңырағына бас сұқты.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына арнап ойыншық, азық-түлік пен киім-кешек алып барған олар жас сәбиді қырқынан шығару рәсімін өткізуге де атсалысты. Өңіріміздегі танымал ақын Үміт Битенова мен «Ақжүніс» аналар қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрайымы Жанат Естаева жас отбасында дүниеге келген Інжу қызды қырқынан шығарып, қазақы салтпен ақ бата-тілектерін айтты.
– Биыл Еріктілер жылы болғандықтан, біздің оқу орнының студенттері көптеген қайырымдылық және әлеуметтік жұмыстарға атсалысуға белсенді түрде қатысуға бел шешіп отырмыз. Мен Тараз сервис және технологиялар колледжінің екінші курсында аспаздық мамандығы бойынша білім аламын. Біздің барлық студент осындай қоғамдық жұмыстарға қуана араласады. Ол бір жағынан қайырымдылық шарасы болса, екінші жағынан бірлесіп, күніміз де қызықты өтеді. Өңіріміздің басқа да жастары айналасына көз салып, қолынан келгенше қоғамға ерікті түрде пайда келтіруге шын ықыластары оянса екен, – дейді Мөлдір Тілеуқұлова.

«Aq jol-Aqparat».

Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support