- Advertisement -

Базарда назар аударатын бірқатар мәселе бар

49

- Advertisement -

ең бастысы – әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу

16 ақпан, жексенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы базарлардың жай-күйімен танысты. Сонымен бірге, бірқатар азық-түлік сауда орындары мен қаланың әлеуметтік нысандарын аралады.

Демалыс күнін де халыққа арнауды қажет деп тапқан өңір басшысы әуелі «Ауыл – береке» базарында болып, тұрғындар жиі тұтынатын азық-түлік түрлерінің сапасымен және бағасымен танысты. Сатушылар мен және тұтынушылармен тілдесті.
Бердібек Мәшбекұлы қала әкімінің назарын таяу арада шешімі табылуы керек бірқатар мәселелерге аударды. Оның ішінде сауда орындарының дұрыс орналаспауы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы, асфальтталған автотұрақтардың болмауы, базар аумағындағы көліктің жөнсіз қозғалысы, сөрелерде жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін көбейту сынды мәселелер де айтылды. «Базар аумағы мен сауда қатарлары жоғары эстетикалық талғамға сай болуы керек. Күн сайын мұнда біздің қаланың мыңдаған тұрғыны келеді.Сондықтан базар да өрт қауіпсіздігі ережелері сақталғаны жөн. Сондай-ақ сатып алушылар мен сатушыларға да оңтайлы жағдай жасауға баса назар аудару маңызды», – деп атап өтті облыс әкімі. Тауар бағасы тұрақтылығына баса назар аударып, күнделікті тұтынатын тұрмыстық заттардың қымбаттамауын қадағалауды тапсырды.
Өңір басшысы базардағы ветеринариялық зертхананы аралап көріп, санитарлық-ветеринарлық бақылау қызметінің сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.
Қаладағы әлеуметтік базарды аралау кезінде омарташылар бал өнімдерін өткізу мәселесін көтерді. Бердібек Мәшбекұлы жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өңдеушілерге қолдау көрсетіп, жоғарыдағы мәселенің өз деңгейінде шешілуіне ықпал етуге уәде берді.
«Small» сауда орталығында болған өңір басшысы азық-түлік тауары түрлері мен бағаларын салыстырып көрді. Оған қоса Бердібек Сапарбаев Олимпиада резервтерін даярлау орталығында да болып, спорт залдары мен киім ауыстыру бөлмелерін аралады. Жаттығу барысын және спортшылардың тұрмыс жағдайын көрді. Өңір басшысы жас гимнаст спортшылармен сөйлесіп, оларға жаңа жеңістер тіледі.
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясын аралап көрген Б.Сапарбаев білім ордасы басшылығының назарын оқушылардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыруда оларды спорттық, шығармашылық, мәдени үйірмелерге тарту қажеттілігіне назар аударды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support