- Advertisement -

Ескендір хасанғалиевтың құрметіне

66

- Advertisement -

Халық әртісі, белгілі композитор Ескендір Хасанғалиевтың 80 жылдығына орай Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Туған жерін ән еткен композитор» атты әдеби-сазды элегия кеші өтті. Құрманғазы атындағы консерваторияда білім алған, әл-Фараби атындағы Мәдениет институтын бітірген, 1970 жылы Ленин комсомолы сыйлығын иеленген хас таланттың ауылда туып-өскенін көпшілік біле бермейтіні анық. Оның өмір жолындағы өскелең ұрпақ үлгі етері де осы – табандылығы мен еңбекқорлығы. Осының бәрі іс-шарада бейнекөрсетілім арқылы көрсетіліп, композитордың өмір жолы, шығармашылығы туралы айтылды.
Іс-шараны аталған кітапхана директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова сөз сөйлеп ашып, Е.Хасанғалиевтың биік тұлғасына тоқталды. Бұдан соң кітапханашы Нұргүл Сағынтаева «Жанарым» әнін орындап көпшіліктің құрметіне бөленсе, Әсем Лесалықызының «Әже» әні жүректерге жетіп жатты.
Кітапханаға да жай адам бас сұқсын ба?! Өнерге, әдебиетке құштар жандардың мәдениет ошағына жиі келері анық қой. Іс-шарада бірнеше оқырман бірігіп, домбырада «Туған жер» күйін шертсе, кітапханашылар Гүлайым Бәкібаева мен Айдана Секенова композитордың шығармашылығына терең тоқталып, баяндама жасап, маңызды кештің мазмұнын аша түсті. Бұл шараға Тараз қаласы №8 мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлзат Жанасова бастап келген бірнеше өнерлі оқушылар ерекше атсалысқанын айта кеткен жөн. Олар да композитордың бірнеше танымал әндерін орындады. Іс-шара соңында барша оқырман Ескендірдің «Атамекен» әнін (сөзі Қадыр Мырза-Әлінікі) хормен орындап, тебірене шырқады.
Осылайша кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қазақтың Ескендіріне ерекше құрмет көрсетті.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support