Б.М.Сапарбаевты Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы
Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының əкімі болып тағайындал сын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Ми нистрінің орынбасары қызметінен боса тылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 10 ақпан №263
ХРОНИКА
Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген өтінішіне орай Асқар Исабекұлы Мырзахметов
Жамбыл облысының əкімі қызметінен босатылды.
ТАҒАЙЫНДАУЛАР
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасының шешімдерімен:
Тимур Ғазизбекұлы Тəшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары;
Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс бөлімінің меңгерушісі;
Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
ХРОНИКА
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
– Елбасының шешім дерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:
Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары
қызметінен;
Андрей Анатольевич Калинин – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Əскери қауіпсіздік жəне
қор ғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен
босатылды.
egemen.kz
Comments are closed.