- Advertisement -

Қанша автокөлік тіркеуден өтті?

63

- Advertisement -

Шетелдік автокөліктерді елімізде үстіміздегі жылдың бірінші наурызына дейін тіркеу туралы Президенттің пәрмен бергені баршаға аян. Қазіргі кезде мұндай автокөліктердің елімізде қарасы басым. Біздің облысты көршілес мемлекеттерден келген автокөліктердің саны қанша? Олар тіркеуден өтіп жатыр ма?

Нұрсұлтан Мұрат,
Т. Рысқұлов ауданының тұрғыны.

Ел азаматтарының көршілес елдерден сенімхат арқылы автокөлік сатып алып келгені баршаға аян. Мұндай жағдай біздің облыста да баршылық. Өңірімізде негізінен Қырғыз Республикасынан жеткен автокөліктер көп кездеседі. Олар шамамен 2017 жылдан бастап келген. Көлік иелері тиісті заң талаптарын орындауы шарт. Қазіргі кезде өңірімізде Қырғыз Республикасымен қатар Армения мен Ресейден жеткізілген 7500 автокөлік бар. Ол көліктердің бірінші наурызға дейін тіркелуі тиіс екенінен жұрт хабардар. Бүгінгі күнге дейін еліміз бойынша бірнеше ғана автокөлік тіркеуден өткен. Нақтырақ айтсақ, Алматыда – екі, Нұр-Сұлтан, Орал қалаларында бір-бір автокөліктің иесі заң талаптарын орындаған.

Жайдарбек Құттыбаев,
облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталығының басшысы, полиция подполковнигі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support