- Advertisement -

Адамзат ақыл-ойының алыбы

59

- Advertisement -

Абай атындағы №26 мектепте хәкімнің 175 жылдық мерейтойы аясында «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты әдеби-мәдени кеш өткізілді. Іс-шараға ақын Қайырбек Асанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, «Қарахан» журналының бас редакторы Сатыбалды Досымбеков, қалалық ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Дүкенбай Ермеков, еңбек ардагері Алдаберді Мақашев қатысып, дана Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінің философиялық мәні мен мазмұны жайлы өз ойларымен бөлісті.
Кеш барысында мектеп оқушылары Абай Құнанбайұлының шығармаларын мәнерлеп оқып, бірқатар әндерді нақышына келтіріп шырқады. Сонымен қатар сұрақ-жауап бөлімінде қызықты сауалдар қойылып, меймандар тарапынан тартымды жауаптар берілді. Хәкім атындағы мектептің бүлдіршіндері ұлы Абайдың туындыларын жүрекпен сезінгендері қуантты.
Жалпы іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Әдебиеттің әңгімесі айтылған басқосудан мектеп оқушылары мен мұғалімдердің зор әсер алғаны анық.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support