- Advertisement -

Жарна төлеуден кімдер босатылады?

Кері байланыс: сауал – халықтан, жауап – басшыдан

165

- Advertisement -

– Жаңа жылдан бастап мекеме-кәсіпорындарда еңбек ететін қызметкерлердің жалақысының бір пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударыла бастады. Сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің барлығы жарна аударуға міндетті ме?

Гүлжамал ТІЛЕУБЕРДИЕВА,
Тараз қаласының тұрғыны.

– «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 27-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер мынадай санатқа жататын азаматтар үшін аударым төлеуден босатылады: Балалар; жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар; зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар; мүгедектер, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқандар.
Сонымен қатар жоғарыда аталған заңның 28-бабы 7-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, қорға осы заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар (барлығы – 15 санат) жарна төлеуден босатылғандығын жеткізгім келеді.

Мавлюда БОҚАЕВА,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалының директоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support