Қанатқақты жобаға қызығушылық танытты

Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Асқар Мырзахметов «Valmont» компаниясының өкілдерімен кездесті. Жиында аталған компанияның жаһандық операциялар бойынша вице-президенті Гиллен Роберт өздерінің атқаратын жұмыс бағыттары туралы баяндады. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша жұмыс атқаратын компания жаңбырлатып суару қондырғыларын шығарумен айналысады.
Басқосуда сала мамандарының пікірі тыңдалды. Оларға Тараз қаласындағы индустриалды аймақтан 50 гектар жер ұсынылған. Өз кезегінде аймақ басшысы облыстың ирригациялық жүйелерін ретке келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, 1,5 жыл бұрын құрылған механикалық жасақтың жұмысын тілге тиек етті. Айта кетерлігі, аталған жасақ бүгінге дейін 100,8 километрді құрайтын коммуналдық меншіктегі 21 канал мен 6 су қоймасын және 7 жеке шаруашылыққа қарасты каналдарға ағымдағы жөндеу, тазалау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, облыс бойынша барлығы 6471 гектар суармалы алқаптар қалпына келтіріліпті.
Сондай-ақ, Асқар Исабекұлы өңірде іске асып жатқан «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасының мақсаттарына тоқталып, аталған пилоттық жобаның бірінші бағыты – үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану екенін алға тартты. Сонымен қатар, жоба аясында қосымша 40 мың түлік сатып алынатындығын айтып, компания басшылығына мал азығын дайындайтын егістік жерлерге су тарту ісі бойынша жұмыс жасау туралы ұсынысын білдірді.
Компания өкілдері «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасының маңыздылығын ескеріп, бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/