- Advertisement -

«Nur Otan» партиясы мен «Aq jol» газетіне ризамыз

39

- Advertisement -

Өткен жылдың мамыражай мамыр айында Көшеней көшесіндегі жылыту құбырларын ауыстыру үшін 250 метр жер қазылып, тегіс жолдың жартысы алынып тасталған болатын. Содан кейін біраз уақыт көшемізді бойлап жүретін №32 бағыттағы жалғыз автобус жүрісін тоқтатқан еді.
Иә, қоғамдық көлік қашанда тұрғындар үшін аса қажет. Сол уақытта көшедегі көп қабатты 6 үйдің тұрғындары автобусқа жету үшін бір шақырымға жуық жерді артқа тастап, жаяу баруға мәжбүр болды. Межелі жерге кешікпей жету үшін талай жұрт таксиге отырды. Такси іздеу немесе аялдамаға жаяу жету нәзік жандыларға да оңай соқпаған болатын. Ал емдеу мекемелеріне жету ардагерлер мен зейнеткерлерге қиындық туғызған.
Амалымыз таусылған соң біз осы мәселені көтеріп, облыстық «Aq jol» газеті мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалына хат жазған едік. Көп тілегі қабыл болып, келесі күні көшемізбен №32 бағыттағы автобус жүре бастады. Сол үшін облыстық «Aq jol» газеті мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалына көп қабатты 6 үй тұрғындарының, оның ішінде 65 зейнеткердің атынан алғысымызды айтып, ризашылығымызды білдіргіміз келеді.

Рахымжан Бөлекбаев,
«Құлан» бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, еңбек ардагері.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support