- Advertisement -

Қайдасың, қарлығашым?

107

- Advertisement -

Сөзі: Кәріпжан Нүсіптікі.
Әні: Жаңбыршы Үсейіновтікі.

Жарқ еткен жанарыңмен сезімді ілген,
Сағындым ән тұмасы өзіңді мен.
Япыр-ау, қайдан сені табар екем,
Таусылып бара жатыр,
таусылып бара жатыр төзім деген.

Тәтті арман, қиял-құсым шарықтаған,
Жаныма сая таппай жанып барам.
Нұрлы аймақ, жан бағыма ұя салған,
Қайдасың қарлығашым,
қайдасың қарлығашым қалықтаған?

Әніңмен тербеп, баурап алатынсың,
Тыңдайтын ұйып мекен, дала тылсым.
Толқытып күй теңізін асқақ ойдың,
Қол жетпес арманымдай,
қол жетпес арманымдай дара тұрсың.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support