- Advertisement -

Дүрлігуге негіз жоқ

48

- Advertisement -

«Шу темір жол станcасында коронавирус жұқтырды деген күдікпен Қытай елінің екі азаматы пойыздан түсіріліп, ауруханаға жеткізілді», — деген ақпарат кеше WhatsApp мессенджері арқылы куәгерлер оқиға орнында түсірген суреттермен бірге желдей есіп жұртшылыққа тарап кетті. Суреттерде дәрігерлердің арнайы костюмдер киіп пойызға қарай жүгіргені байқалады.
Осы орайда облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ресми мәліметке жүгінсек, расында 29 қаңтарда вирусты инфекция белгілері бар Қытай Халық Республикасының екі азаматы «Сарыағаш-Нұр-Сұлтан» бағытындағы пойыздан түсіріліп, Шу орталық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде медициналық бақылауға алынған. Мамандар жедел респираторлы вирустық инфекция диагнозын қойған. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, бақылау кезінде дене қызуының көтерілуі байқалмаған, емдерін қабылдауда. Сондықтан дүрлігуге негіз жоқ. Дегенмен осы вагонда болған жолаушылар 14 күн бойы тұрғылықты жерлері бойынша медициналық қызметкерлердің қатаң бақылауында болады.

«Аq jol-Аqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support