- Advertisement -

Әл-Фараби монетасы шықты

129

- Advertisement -

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі əл-Фарабидың ескерткіш монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті.
Монетаның алдыңғы жағында əл-Фараби бейнеленген, ал екінші жағында қазақ халқының мəдени жəне рухани мұрасының қайта өркендеуін білдіретін бүркіт бейнеленген «Рухани жаңғыру» логотипі орналасқан.
Елшілік биыл əл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, ақпан айында АҚШ-тың жетекші университеттерінде қазақ фильмдері көрсетіле бастайды. Жыл бойы фотокөрмелер мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ америкалық сарапшы жəне академиялық топтар үшін Абай Құнанбайұлы мен əл-Фарабидың өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар көрмесін өткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ елшіліктің ақпараттық ресурстарында Батыс саяхатшылары жасаған ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихының фотосуреттері тұрақты негізде орналастырылуда.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support