- Advertisement -

Қордайда тігін цехы ашылды

46

- Advertisement -

Сортөбе ауылдық округінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын дамыту аясында бірегей нысан – заманауи тігін цехы ашылды. Арнайы жұмыс киімін тігуді қолға алған кәсіпорын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Нысанның ашылу салтанатына аудандық мәслихаттың депутаты Т.Апаева, Сортөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Гаров, дүнген этномәдени ұйымдарының өкілдері, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.– Бүгін біз 30 адамды жұмыспен қамтитын тігін цехын ашып жатырмыз. Біз үшін бұл үлкен қуаныш. Округте бизнесті дамыту ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жұмыссыздық пен кедейлік деңгейін төмендетуге, салық түсімдерінің ұлғаюына оң әсерін тигізеді. Сонымен бірге өндіріс басшылығы табысының бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсауды ниет етіп отыр, – деді ауылдық округ әкімінің орынбасары М.Гаров.
Ал келесі кезекте өз ойын ортаға салып, жерлестеріне сәттілік тілеген ауыл тұрғыны В.Абдукерим мұндай бастамалардың ауыл үшін маңызы зор екенін алға тартты. «Бұл көптен күткен қуанышты жағдай. Округ тұрғындарын осындай жарқын жаңалықпен құттықтаймын. Кәсіпкерлік дамып, ауылымыз көркейе берсін», – деді ол.
– Тігін цехын ашу барысында біз ауылда қажетті мамандарды даярлайтын колледж филиалы бар екенін ескердік. Құрал-жабдықты сатып алу үшін 6 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Жұмысшыларға арнайы киім тігеміз. Жұмысымыз алға басса, өндірісті кеңейтеміз», – деді кәсіпкер Исхар Харсан.
Іс-шара барысында ауылдың өзге азаматтары да ақжарма тілектерін арнап, жаңа кәсіпорынның ашылуына байланысты қуаныштарымен бөлісті. Ашылу салтанатынан кейін ұйымдастырушылар тарапынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы дастархан жайылып, 10 балаға сыйлық таратылды.

Серғазы МАНАСБАЕВ,
журналист.

Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support