- Advertisement -

«Атайын десек, мылтығымыз жоқ…»

37

- Advertisement -

«Пионер» өндірістік кооперативі талай жылдан бері асыл тұқымды меринос қойын өсірумен айналысып келеді. Қожалықтың бес отар қойы бар. Бүгінде олардың малы Мойынқұм ауданындағы Жамбыл ауданына тиесілі жайылымында қыстатылуда.
Қыстауда жас шопан Жасұлан Төлебековтің мал бағып отырғанына 6 жыл болыпты. Ол алғашқы жылдары саулық, екі жылдан бері қошқар бағып жүр. Қазір қыстауда 100 қошқарды қыстатып отырған жайы бар.
– Мал бағу оңай шаруа емес. Оның қызығы да, қиындығы да көп. Биыл қыс жайлы болғанымен малға қиын болып тұр. Кешкісін қойды қораға қамасаң қотыр болады. Ашық қораға қамауға қасқырдан қорқасың. Қазір түз тағысы адамнан да қорықпайтын болды. Олар қойды қорадан да, өрістен де бас салуға әзір. Қыстаудан ұзап шыға алмаймыз. Мал шетінде жүрсең, екінші шетінен келіп қалады. Атайын десек мылтығымыз жоқ. Бұрын әкемнің қосауыз мылтығы болушы еді. Оны да аудандық полиция инспекторлары алып кетті. Үш-төрт төбет итіміз бар. Бірақ жыртқыштар олардан да қаймықпайды. Осылайша қыстаудағы әр күніміз үреймен өтуде. Қаруымыз болмаған соң түні бойы көз ілмей шығамыз. Бір күні олар малға емес, өзімізге шабуыл жасаса қайтпекпіз, – деді ол.
Жасұланның айтқанын төңірегіндегі қыстауда отырған өзге шопандар да қостады. Олардың бір ғана тілегі бар – ол қыстауда қасқырдан қорғану үшін мылтық ұстауға рұқсат берілсе дейді. «Аң атпасақ та қасқырды қорқыту үшін аспанға атып, үркітер едік» дегенді қосып қойды.

Дүйсенбек ОРМАНОВ,
журналист.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support