- Advertisement -

Балалар қауіпсіздігінің өзекті мәселелері зерделенеді

31

- Advertisement -

Облыста балалар қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін зерделеу жұмыстарымен өңір басшысының бастамасымен құрылған арнайы жұмыс тобы айналысатын болады. Өз құзіреті шеңберінде топ мүшелері өңірдегі білім беру ұйымдарындағы тәрбие мәселесіне терең талдау жасап, оны шешуге қатысты ұсыныстар әзірлейді. Бұл бастама күні кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалық етуімен өткен бала қауіпсіздігін сақтау мәселелері туралы өткен жиында айтылды.

Жиында өңір басшысы саладағы мәселелердің алдын алу жұмыстарына кешенді түрде кірісу қажеттігін атап өтті. Ал көрсеткіштерге тоқталған полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев мәселенің өзектілігіне тоқталды.
Басқосуда қоғамдық ұйымдардың жетекшілері де сөз сөйлеп, бала құқығын қорғаудағы ұрпақтар сабақтастығы, мүдделі мекемелердің ашықтығы, қоғамдағы отбасы институтының рөлін нығайту мәселелерін де көтерді. Сондай-ақ бала құқығын қорғау мақсатында арнайы саll-орталық қызметін жолға қою, педагогикалық қызметке ер мұғалімдерді көптеп тарту жайы да сөз болды.
Өз кезегінде Асқар Исабекұлы бұл жұмыстарға ардагерлер кеңесі сынды қоғамдық ұйымдардың мүшелерін көптеп тарту тәжірибесін енгізу қажеттігіне назар аударды.
Күн тәртібіне қойылған мәселенің өзектілігін ескерген облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды. Топ мүшелері тәрбие мәселесіне жетік қоғам белсенділері мен жауапты тұлғалардан құралады. Олар межелі мерзім ішінде облыстағы барлық мектептердегі тәрбиелеу ісіне жан- жақты зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныстарын әзірлейді. Соның негізінде бала қауіпсіздігін сақтау мәселелері туралы жиынның келесі отырысында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың бағыт-бағдары айқындалмақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support