- Advertisement -

Басы артық кітаптарыңыз босқа жатпасын

76

- Advertisement -

Кітап – адамның жан азығы,
рухани байлығы. Сондықтан кітап оқу, оны қаттап жинау – мәдениеті биіктердің бір ісі.

Дегенмен ескірген немесе бір кітаптың әр жылдарда жарық көрген бірнеше данасы жиналып қалған адамдар оларды біреуге сыйға тартқысы келеді.
Осыған орай облыстық «Aq jol» газеті тұрғындардан басы артық кітаптарды жинау акциясын ұйымдастырып отыр. Осы акция аясында оқырмандарымыз өз үйлеріндегі басы артық, оқып қойған қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдердегі кез келген кітаптарын редакцияға әкеліп, тапсыра алады. Іс-шара барысында жиналған кітаптар шалғай ауылдардағы мектептердің кітапханаларына тапсырылады. Ал редакцияға 25 кітаптан артық өткізген оқырмандарымыздың есімін, егер өздері қарсы болмаса, фотосымен бірге газет бетіне жариялаймыз.

Басы артық кітаптарыңызды
редакцияға әкеліп тапсыруға
асығыңыздар, құрметті көпшілік!

Хабарласу үшін тел:
43-17-07, 45-48-09, 43-15-26
Ұялы тел: 87782512595,
87783504963, 87078604758

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support