- Advertisement -

Апат ты мектептердің мәселесі ағымдағы жылы шешіледі

129

- Advertisement -


Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында мектептерде үш ауысымды оқытуды және апаттық жағдайдағы мектептерді жою мәселесі қаралды. Онда облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмилә Бекбатырова атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.Оның айтуынша, қазіргі таңда облыстағы 3 апатты мектептің мәселесі ағымдағы жылы толығымен шешілмек. Ол үшін үш мектептің құрылысына тиісті қаражат қарастырылып, биыл жаңа оқу жылында аталған білім нысандары пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Жәмилә Бекбатырова өткен жылы өңірдегі үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешілгенін жеткізді. Дегенмен демографиялық өсімге байланысты ағымдағы жылы 9 үш ауысымды мектеп анықталып отыр десек, ол алдағы үш жылда кезең-кезеңімен шешімін таппақ.
Басқосу барысында облыс аумағындағы мектептердегі әжетханалардың мәселесі де назарға алынды. Баяндамашы облыстағы барлығы 442 мектептің 264-інде әжетханасы сыртта орналасқандығын жеткізді. Ол талдау нәтижесінде анықталған. Бұл түйінді түйткілдерді шешу бойынша тиісті шаралар қолға алынуда. Атап айтсақ, оның 13-і жаңа мектеп құрылысы есебінен, 10-ы күрделі жөндеу, 67-сі жапсарлас ғимараттар соғу, 174-і ағымдағы жөндеу жұмыстары арқылы жүзеге аспақ.
Асқар Исабекұлы бұл мәселелердің өзектілігіне көңіл бөліп, оны шешу жұмыстарын уақыт созбай қолға алуды, оқу нысандарының ішінде орналасқан әжетханалардың барлығы тиісінше жұмыс істеу керектігін ескертті. Облыс басшысы жаңадан соғылатын ондай нысандардың бір типте салынуына көңіл бөліп, бұл орайда мектептегі оқушылар санын ескерудің маңыздылығын баса айтты. Сондай-ақ бұл бағытта ағымдағы жөндеу жұмыстарына жоспарланған 634 миллион теңгені арнайы бекітілген регламент аясында оңтайландыруды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support