- Advertisement -

Ауыл жас тары он отбасыға көмектесті

55

- Advertisement -

Қайырымдылық қағидаттарын ежелден ескеретін халқымыз ешқашан жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған. Қиын-қыстау замандарда да халқымыз жақсылық жасауды ұмытқан емес.
Бүгінгі таңда қайырымдылыққа баса назар аударып жүретін кәсіпкерлер саны артқан. Олар өз кезегінде тұрмысы төмен отбасыларға, жетім-жесірлерге қолұшын созып, көмек көрсету, қала берді көпшілік маңызды іс-шаралар мен жиындарға демеушілік танытуды мықтап қолға алып отыр. Өткен жылы да өңірімізде мұндай қайырымдылық шаралары көптеп өткізілгені белгілі. Солардың бірі – Көкбастау ауылдық округіне қарасты қос ауылдың жастары ұйымдастырған игі шара.
Жастар жылында Көкбастау ауылдық округіне қарасты Көктөбе және Қосбөлтек ауылдарының 1980-1996 жылдары аралығында туған ер азаматтары қаржы жинап, жиналған қаражатқа 10 отбасына қайырымдылық жасады. Оның ішінде жалғызбасты аналар, тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар да бар. Игі іс-шара барысында оларға ұн, күріш, макарон, май өнімдері, басқа да қажетті азық-түлік әперілді. Өз кезегінде отбасы мүшелері ауылдың қайырымды жастарына алғыстарын жаудырды.

Дәулет ҚЫДЫРБАЕВ,
Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support