- Advertisement -

Ұшақ апатынан танымал генерал қайтыс болды

22

- Advertisement -

Ұшақ апатынан танымал генерал қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында танымал адамдар да бар.

«Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров қайтыс болған. Бұл туралы осы ұйымның мүшесі Махмұд Телеғұсов хабарлады.

Рүстем Есімханұлы Қайдаров, Ресей Жаратылыстану ғылыми академиясының корреспондент мүшесі, БҰҰ Халықаралық ақпараттану академиясының және Дүниежүзілік ақпараттық парламенттің академигі, Совет Одағының ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, генерал-майор.

Айта кетейік, яғни 27 желтоқсанда сағат 07:05-те Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 2100 рейсімен ұшып шыққан «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Ресми дерек бойынша, 14 адам қаза тапқаны айтылды. Ауруханаға 24 адам жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. 

BAQ.KZ
Фото: дереккөз

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support