- Advertisement -

Жаңатасымыз жайнап келеді

52

- Advertisement -

Елтай СӘДІБЕКОВ,
байырғы кенші, еңбек ардагері.

Кезінде кеншілер қаласы болып атағы айдай әлемге белгілі болған Жаңатасқа қала атанудан екі жыл бұрын бүгінде Түркістан аталатын көрші облыстың Ащысай ауылынан 1967 жылы қоныс аудардым. «Ащысайполиметалл» комбинатында шахтада еңбек етіп келгендіктен, «Қаратау» өндірістік бірлестігінің Орталық кенішінде зейнеткерлікке шыққанша үздіксіз қопарушы болып еңбек еттім. 1980 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, халқымыздың даңқты ұлы Дінмұхамед Қонаевтың Жаңатасқа келіп, іргелі өндіріс орындарына қарасты кеніштерді аралауы барша кеншілер қауымына үлкен серпіліс бергені күні бүгінге дейін көз алдымда.
Кеншілер қаласы – Жаңатас жарты ғасырлық тарихында дәуірлеу, құлдырау, қайта өрлеуді көрді. Димаш Ахметұлынан басқа, Мәскеуден, Алматыдан келген небір шенді-шекпенділерді, былай қойғанда тәуелсіз Қазақстанның әр жылдарда Үкімет басқарған үш Премьер-Министрі бастаған мемлекеттік дәрежедегі талай лауазымды тұлғаның табаны тиген қала бұл. Қайран қала жантайғанмен, құлап қалмады. Жылдар жылжып өткен сайын есін жиып, еңсесін тіктей бастады. Бұл – Үкімет пен облыс басшылығының кеншілер қаласына баса назар аударуының нәтижесі.
Кейінгі жылдары атқан таңдай ажарлана түскен Жаңатастан күніне бір жағымды жаңалықты естимін, ел игілігіне берілген небір ғажайыпты көріп көңіліміз марқайып қалады. «Ақылды аялдама» дегенді бұрын-соңды кім көрген?! Ал біздің қаланың алты жерінде осындай керемет бар. Алғаш көргенде мұндай да ғажап болады екен-ау деп таңдай қаққанбыз. Қазақтың атақты жазушыларының туындыларын қалта телефоныңа жүктеп ала бересің. Балалар сосын компьютерге салып, бос уақытында оқи беретін болды. Мемлекеттің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қоғамдық нысанның өзінде іс жүзінде жүзеге асырған жаңатастық жерлестерімнің бұл игілікті тірлігіне қалай риза болмассың! Гүлзарлар мен көрнекілігі қандай! Шағын және орта бизнес нысандары да көз тартады.

Жаңатас қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support