- Advertisement -

Жаңалықтың жаршысы «Aq jol»-ға жазылайық!

43

- Advertisement -

Алғаш жарыққа шыққаннан бастап облыстың өміріне, ұлтымыздың рухына, шындықтың туына, жақсылық пен жаңалықтың жаршысына айналған біздің сүйікті басылымымыз «Аq jol» газеті – әрбір отбасының іздеп жүріп оқитын үнпарағы.

Талғат ЖҰМАБЕК,
Талас ауданының Құрметті азаматы.

Журналистері тілінің шұрайлылығымен ел-жұрттың үнін жеткізіп, рухын көтеріп келеді. Елбасының сарабдал саясаты мен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың межелі міндеттерін жеткізуде де тілшілердің тындырған тірлігі көп. Облыс айнасы – «Аq jol» газетінің ұжымы қандай мәселені қаузаса да байыпты, сауатты ұсынып, түйінді мәселелердің жауабын беретініне тәнтімін.
Батырлар мен ақындар мекені аталған, қаймағы бұзылмаған қазақы қалпын сақтаған Талас ауданының халқы «Аq jol»-ды сырласындай көреді. Сондықтан халық жүрегіне жақын сүйікті газетімізге жазылу – әрқайсысымыздың парызымыз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support