- Advertisement -

Зейнетке қазірден қамдан

49

- Advertisement -

«Бейнет түбі – зейнет» деген. Зейнетке шығып, бала-шағасының, немерелерінің қызығын қызықтап, тіпті саяхаттап, әлемді аралауды нәсіп етсе, оған да бүгіннен қамданған дұрыс-ау. Өйткені ертерек қамданғаның – зейнетіңді алаңсыз өткізуіңе себеп болмақ. Ал бүгіннен жинап, зейнетіңе көлемді қаржы құйып отырсаң, құрметті демалысыңда оның берекесін көресің. Сондықтан бүгінгі күні облыс халқы арасында зейнетақы жинақтау мәдениеті мен қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын білу мақсатында «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры, осы салада жиырма жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Әбдіманат Еспаевқа жолыққан едік.

– Әбдіманат Төреханұлы, Қордың облыстық филиалы халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту жолында қандай жұмыстар атқарып жатыр?
– Біздің Қордың негізгі стратегиялық бағыты тұрғындардың зейнетақы жоспарлау және жинақтау мәдениетін көтеру. Ал біздің филиал бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарып отыр. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың тоғыз айында филиалдың операциялық бөлімінде 31 779 азамат зейнетақы жоспарлау бойынша дербес кеңес алды. Сонымен қатар Қор 2017 жылдан бері белсенді емес шоттармен, яғни соңғы 12 айда жарна түспеген, тіпті зейнетақы жинақтары мүлдем жоқ тұрғындармен жұмыс жүргізіп келеді. Осылайша соңғы тоғыз ай ішінде 26 000 азаматпен байланыс орнатылып, оларға ақпарат беру, белсенді болуға шақыру бойынша ақыл-кеңестер берілді. Соның арқасында 3 000 азамат өз есебінен зейнетақы қорына жарна аударып, зейнетақы жинақтарын толықтырды. Айта кетейін, соңғы он ай ішінде филиал қызметкерлері азаматтарға тікелей қызмет көрсету барысында 186 мыңнан астам операцияны жүзеге асырса, салымшылар өз бетімен 71 мыңнан астам қызметті электрондық форматта алды.
– БЖЗҚ міндеттерінің бірі – сапалы қызмет көрсету, әрбір қазақстандықтың зейнетақы қызметтеріне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету және Қор салымшылары мен алушыларына арналған ақпараттық арналарды дамыту болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстарыңыз қалай?
– Жамбыл облыстық филиалы биыл да жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдарда таныстырылымдық шаралар өткізу аясында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін түсіндіруге белсене атсалысып келеді. Осы жылдың 10 айы ішінде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары аясында филиалымыз 1 933 таныстырылымдық шара өткізіп, оған 56 743 адам қатысты. Көшпелі іс-шараларда филиал қызметкерлері зейнетақы қызметтерін көрсетеді. Бұл ретте көбінесе жеке деректемелерді өзгерту, зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу секілді қызметтер сұранысқа ие екендігін айта кеткен жөн. «Мобильді агент» жобасы аясында филиал мамандары жыл басынан бері 880 рет сапарға шығып, 16 042 операцияны жүзеге асырды. Сондай-ақ жақын болашақта «Мобильді кеңсе» жобасын енгізу жоспарланып отыр. Бұл жер серігі бар арнайы шағын автобус. Оның салоны операторлар үшін екі автоматтандырылған жұмыс орындарымен және азаматтар үшін екі орынмен жабдықталған кешен. Онлайн тәртібінде барлық қызметтерді ұсынатын мұндай жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы облыстың шалғай елді мекендеріндегі салымшылар үшін зейнеты қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ БЖЗҚ салымшылары мен алушыларына Қазпошта бөлімшелері арқылы зейнетақы қызметтерін көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты. Қазақстан Ұлттық пошта желісінің операторы арқылы қызмет көрсету тізіміне Жамбыл облысының Қор бөлімшелері жоқ 28 елді мекені енгізілген. Қазпошта бөлімшелерінде осы ауылдар мен кенттердің тұрғындары қосымша деректемелерді (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекен-жайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш бере алады және ақпараттандыру тәсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімге қол қоя алады. Бүгінгі күні осындай тәртіпте облыс елді мекендерінің тұрғындарынан 209 өтінім келіп түсті. Зейнетақы шоттары бойынша ақпарат беру мәселесіне келер болсақ, облыс бойынша үстіміздегі жылдың 1 қарашасына қарай 246 000 астам жеке зейнетақы шоты бойынша «интернет-байланысы» тәсілі таңдалған. Бұл ретте 10 ай ішінде 71 мыңнан астам шоттың иелері, яғни салымшылардың 29,05 пайызы зейнетақы шоттары туралы ақпаратты электрондық тәсілмен алған. Мысалы, 41 мыңнан астам адам Қор сайтын, 27 мыңнан астам адам Қордың мобильді қосымшасын және 3 мыңнан астам адам электрондық үкімет порталын таңдаған.
– Филиал жергілікті атқарушы органдармен қандай өзара іс-қимыл жасап отыр?
– 2017 жылдың мамыр айында Жамбыл облысы әкімдігі мен БЖЗҚ арасында халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту, міндетті зейнетақы жарналарының түсу көлемі мен тұрақтылығын арттыру, зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша ақпарат беру мақсатында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған. Соның негізінде филиал «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарын жасады.
– Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін тағы қандай қадамдар жасалуда?
– «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалы Қордың басқа филиалдары секілді үш ай сайын «Ашық есік күні» шарасын өткізіп тұрады. Мысалы, биыл күшіне енген Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер тақырыбында Ашық есік күні өтті. Іс-шара филиал кеңсесінде БАҚ өкілдерін және барлық ниет білдіруші азаматтарды шақыра отырып, ұйымдастырылды. Онда 2019 жылдың басынан бастап күшіне енген ҚР заңнамасындағы өзгерістер, бірыңғай жиынтық төлемді енгізу және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлердің зейнетақы жарналарын төлеу мәселелері түсіндірілді. Осы іс-шара аясында біздің қызметкерлеріміз зейнетақыны жоспарлау жөнінде толыққанды түсінік беріп, «Мобильді агенттің» көмегімен көшпелі қызмет көрсету мүмкіндіктері, Қор салымшыларымен өзара іс-қимыл арналарын дамыту туралы әңгімеледі. Таяу күні тағы бір Ашық есік күні «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалында өтті. Оған Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры, Жамбыл облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының өкілдері және журналистер қатысты. Спикерлер қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауаптар берді. Филиал қызметкерлері зейнетақыны жоспарлау (зейнетақы калькуляторын көрсету) және электрондық қызметтерді ілгерілету бойынша қызмет көрсетті. Әрбір келушіге сауалнамалар берілді. Жалпы ағымдағы жылы бұл іс-шараларға облыстық филиал бойынша 697 адам қатысты. Мұндай шараларды өткізудегі басты мақсат – қатысушыларды Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер, сондай-ақ БЖЗҚ-ның қызметі, жаңа сервистері туралы келушілерге толыққанды жеткізіп отыру.
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Ерман ӘБДИЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support