- Advertisement -

Таразым, тарихымның айнасы сен!

265

- Advertisement -

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда «Тараз – тарихымыздың темірқазығы». Ал қазақтың өзі, бастапқы түбін түгендегенде – арыдағы сақ, ғұн, үйсін, қыпшақтан үзіліп-созылып кеп, түркі тайпалар бірлестігінің бір бұтағынан қалыптасқан ұлт. Ұлт Көшбасшысы қазақтың пайда болу мерзімін жасы екі мың жылдан асып кеткен көне шаһар Таразбен байланыстырады.
Бүгінгі Тараз – ХХ ғасырдан астам тарихты бастан өткеріп келген қазақ қаласы. Өзімізше, оны «бар қаланың атасы» деп те атай береміз. Тарихымыз осылай болғанда, сондайлық текті Тараз жер бетіндегі бар қазақ үшін бір қасиетті жер болды дей берсеңізші! Оған кім таласа алар!?
Сондықтан мезгілі туғанда, жер дүниеге жария етіп, Тараздың 2000 жылдық тойын елдік деңгейде өткіздік. Оған Елбасы қатысты. Екінші, қазақтың ата тарихында мемлекеттік маңызы бар тағы бір тарихи жайт – дүниеде бірінші рет қазақ ұлтының атымен аталған хандық Жамбыл облысы жерінде құрылғаны! Мұнымен облысты елден бөліп жіктемек емеспіз, болған тарихи сәйкестікті таңдана ауызға аламыз. Сөйтіп, 2015 жылы Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдық тойы жөн-жобасымен тағы да қасиетті көне Таразда аталып өтті! «Кіндік» десе дегендей-ақ қой бұл Тараз. Елбасы бұл тойға да қатысты.
Басына осыншалық бақ қонған, сүйікті Таразым! Қалай сүймессің оны, қалай ардақ тұтпассың!

Сондықтан мезгілі туғанда, жер дүниеге жария етіп, Тараздың 2000 жылдық тойын елдік деңгейде өткіздік. Елбасы қатысты. Екінші, қазақтың ата тарихында мемлекеттік маңызы бар тағы бір тарихи жайт – дүниеде бірінші рет қазақ ұлтының атымен аталған хандық Жамбыл облысы жерінде құрылғаны! Бұнымен облысты елден бөліп жіктемек емеспіз, болған тарихи сәйкестікті таңдана ауызға аламыз. Сөйтіп 2015 жылы Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдық тойы жөнімен тағы да қасиетті көне Таразда аталып өтті! «Кіндік» десе дегендей-ақ қой бұл Тараз. Елбасы бұл тойға да қатысты. Басына осыншалық бақ қонған, сүйікті Тараз! Қалай сүймессің оны, қалай ардақ тұтпассың! Ал енді бас мәселе етіп бір сұрақты көпшілік назарына салайын: осы күнге дейін мұншалық көнелігімен аян біздің сүйікті Таразымыз неге туристердің келетін жеріне айналмай жүр? Өзі қатарлы Самарқан, Бұқара, Қайыр, Шам қандай? Солардай неге тартпайды, жұртты. Кедергіге не себеп?
Әлде осы мақсатпен қимыл жасамай жүрміз бе дейін десек, қате болар еді. Әсіресе егемен ел болғаннан бері. Еркінбіз ғой. Ойлау аясы да кеңейген. Таразды көркейген үстіне көркейтуге облыстың, қаланың бұрын-соңды қай басшысы болсын, бәрі де барынша күш салып келеді. Сондай қайраттың арқасында қала жыл сайын дерлік жаңару үстінде. Бірақ сонда да ол өзінің екі мың жылдық көне қала деген айтулы атына сай туристік нысанға айнала алмай жүр. Жиналыстарда бұл жайлы жиі айтылады. Бір кездері тіпті Тараздан «Интурист» қонақ үйін сала бастағанымыз да бар. Содан бері де жылдар жылжып өтіп жатыр. 550 жылдық қарсаңында қалада алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібекке ескерткіш тұрғыздық. Сүлейменов көшесінің бойынан тарихи ескі орнынан «Төрткүл» керуен сарайын жаңғыртып салдық.
Көкбазардың астында қалған көне Тараздың орнында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді: онда екі мың жыл бұрынғы көше іздері аршылды, көне, қыш құбырлы Тараз моншасы табылды. Тараз билеушісінің қамалы-цитадель, қамал сыртындағы қолөнершілер тұрған рабат қатары, ислам дәуірінің белгісіндей мешіт, т.б, нысандар қаңқасы, құмыралар мен Тараз заманының мыс теңгелері табылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының мұндай қазбалар жөніндегі соңғы ережелері тәртібімен осы ескі құрылыстар, қабырғалар жұрнағы қол тигізілмеген күйінде шатыр астында сақталу керек болғасын, оларды алып шатыр астына алдырып, ашық аспан астындағы «Көне Тараз» музейіне айналдырды. Табылған мың-мың ұсақ артефактілер сонда қойылды.
Х, ХІІ ғасырлардағы Қарахан баба, Айша бибі, Бабажа қатын кесенелерін мезгіл-мезгіл жаңғыртып келе, маңайын гүлдендірдік. Сол Қараханыңызды бір заманаларда жергілікті халық Құдайындай қастерлеп «Әулие ата» деп білген екен. Тараз қаласы бір кезеңдерде сол реттен Әулиеата аталған шығар. Ол енді тарихшылардың еншісінде.Тараз маңындағы әйгілі «Ақыртас» кешені реттеліп, кәдімгідей туристік нысанға айналып қалды. Осыншалық қарқынға қарамастан Таразға әлі де ағылып келіп жатқан жұрт қарасы жоқ, болса бірен-саран.
Тарихтың өзі қолымызға ұстатып тұрған оңтайлы мүмкіндікті керегімізге толық пайдалана алмай қойдық. Мүмкіндік пен қапы қалу арасында аңырып тұратын дағды қалмады. Бізге әйтеуір үнемі бір нәрсе жетпей тұруы заңдылық сияқтанған да еді.
Тарих дегеніміз, табиғат пен қоғамның даму процесінің сырт көрінісі, фактісі ғой.
Біз секілді қатардағы мыңдаған тұрғын әр жерде «Тараз менің сүйікті қалам» деген жазуларды көріп ол оймен келісеміз, «иә, бұл солай» деп жүрегіміз жылып сала береді. Ол біздің сүйікті қаламыз деп, біз де іштей соны бір қайталаймыз!
Десек те Алматы, Астананың қарыштаған қадамына қарап сүйсініп, «Пах, шіркін! Біздің Тараз да сөйтсе қане!» дейміз түсінікті бір қызғанышпен. Өйткені солардай бір деммен өсіп кетсек, елдің ең көне қаласы деген ерекше «шен-шекпенімізге» сай болған болар ма едік. Шымкент көршіміз әне, дүр сілкініп, соңғы он шақты жыл көлемінде көрген адам сүйсініп, тамсанатын сәулетті ғимараттар мен жұрт тамашалап серуендейтін көрікті орындар салды. Шыны керек, қызғандық сол. Көре алмағандықтан емес. Біздің Тараз кімнен кем еді деген патриоттық намыс оты маздағандықтан.
Осыдан екі жылдай бұрын облыс басшылығына жаңа азамат келді. Халық енді жаңа басшы не істейді екен дескен. Күткені кешікпеді. Біраздан бері облыстық қазақ драма театры ғимаратының алдында тұрған Бауыржан батырдың ескерткіші «Жеңіс» саябағына көшіріліп, саябақта облыс бойынша ҰОС-на қатысқандардың тізімі тасқа ойылып жазылды. Тақырып бейінімен арнайы музей ашылды. Интернационалист жауынгерлердің аты-жөндері гранитке қашалып таңбаланды. Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз жапа шеккендердің есімдері қабіртастарға бедерленіп түсірілді. Сөйтіп осылардың бәр-бәрі кешенді түрде қалалық «Жеңіс» саябағынан орын тепкенде, сөйтіп әр жерде шашырап тұрған көп белгітас осында «бас қосқанда», сол «жеңіс» деген бір ғана сөздің терең мазмұны бар қасіретімен жаңа қырынан ашылғандай болды!
Үкіметтің арнайы қаулысымен Жамбыл Жабаев бабамыздың ескерткіші мемлекеттік мәндегі нысан ретінде қорғауға алынды. Ол ескі орны базар алаңынан облыстық әкімдік ғимаратының алдына орнады. Ақын өз атымен аталатын облыстың бас кеңсесінен қазір ғана шығып келе жатқандай әсер береді. Қайрат Рысқұлбеков атындағы демалыс саябағы, «Үш бұлақ», оның жағалауы түбірінен жаңғыртылып, тіптен, көнекөздердің өзі де танымайтындай болып өзгерді, жайнап кетті. Келуші көбейген. Жаса, Тараз!
Қаладағы тартымдылық, санап көрсең, бір мұнымен шектелмейді. Соңғы екі жылда қаламызда болып жатқан өзгерістер кімді де болса еліктірмей қоймайды Ризамыз!
Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен келер жылы Алтын Орданың 750 жылдық тойы өткізілмек. Ерте дүние тарихының куәгеріндей Тараз, Әулие-Ата аты бұл тойда биік мінберлерден тағы талай тілде айтылар. Соны сезгендей, байырғы Тараз осы күндері Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойында баяғы сәнімен бір көрінгісі келгендей қауырт қимыл үстінде. Тағы бір жол жарқ ете түсетіндей ме?
«Төрткүл» керуен сарайы тұрған Сүлейменов көшесіндегі «Атшабардың» астын жағалатып, тас пен гүлден өріліп тоқылған ертегідегідей ғажайып кілемдер төселген. Ниетқалиев көшесінде «айтақырға» гүл қаптады. Орталық алаң астындағы бұрынғы «Мәңгілік от» алауы тұратын ҰОС ардагерлерінің аллеясы жаңғыртылып, қала тұрғындары қыдырыстап жүретін, жастар бас қосатын демалыс орнына айналды.
Маңайдағы гүлзарлар күн сәулесімен шағылысып, мың құбылып қызыл-жасыл түсімен көздің жауын алады. Ал Қарахан баба кесенесі маңындағы гүлзарларға су шашып тұрған құмыра субұрқақтарды ертегінің я жұмақтың суретіндей демей көріңізші! «Желтоқсан толқыны» субұрқағы ше?! Таңдайыңды еріксіз қағасың.
Көшірумен бірге баяғы бір кездердегі көп қызығы тарап үлгерген ескі орын «көкбазардың» шығыс бетінен, халық өзі, әлден «Шахристан» деп атай бастаған тұтас бір қалашық тұрғызылуда. Мұнда түрлі көпшілік іс-шаралар өткізілетін «Шахристан» этно-мәдени кешені, салтанат сарайы және өзге нысандар шығыс үлгісі өрнегімен әдіптеліп, салынуда.
Бұрынғы көкбазар алаңында Жамбыл бабамыздың ескерткішінің орнына «Сағат» стелласы қойылмақ екен. Өте қисынды шешім. Ол сағат көне Тараздың өткені мен алдағы болашағын да саралайтын әлемдік уақытты көрсете бергей дейміз.
Жоғарыда атап өткендей, «бізде туризмнің жүріп кетуіне ылғи да бірдеме жетіспей тұрады» дегенімізде, жетіспей келгені, Тараздың көнедегі келбетіне ұқсайтын өрнектер, жүйеленген инфрақұрылым, қаланы сәндей түсетін тарихи құрылыстар, келбет екен ғой!
Нысандардың барлығында бірдей бір мезгілде жүріп жатқан тынымсыз тірлік көзге байқалмайтын бір қолмен басқарылып, тоқтамай тұрған сияқты. Біз ол қолдың кімдікі екенін аңғарамыз.
Кейбірі құрылыс жұмысы кезінде уақытша бүркенген «перделерін» алған сайын, жүргінші жұрт жаңғырып қалған «өз ауданын» шынымен де танымай қалып жатыр. Олар сүйінішті өзгерістерге шын қуанып: «бұл менің қалам, менің Таразым!» деп шаттануда.

Қаржаубай КЕМЕЛОВ.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support