- Advertisement -

Түгендеу жұмыстары жемісін беруде

30

- Advertisement -

Былтырғы жылы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудандық маңызы бар автожолдарды тізім бойынша түгендеу жұмыстары жүзеге асырылған. Нәтижесінде кеңестік кезеңдегі кеңшар, ұжымшарлар арасындағы көлік қатынасы үшін салынған біраз жолдар тізімнен алынып, иесіз автомобиль жолдары теңгерімге алынды. Олар «Автомобиль жолдары туралы» Заңның талаптарына сәйкестендірілді. Түгендеу ісінің нәтижесі қолданыстағы аудандық маңызға ие автожолдардың ұзындығы 1912,6 километрден 1188,4 километрге дейін қысқарғанын көрсетіп берді.

Ал биыл автожолдар саласын бұдан әрі де жүйелі жолға қою мақсатында Тараз қаласы мен аудандар аумағындағы елді мекендер көшелерінің ұзына бойының көлемін нақтылау жұмыстары жүргізілді. Аталмыш іс-шара барысында құрамына еніп кеткен аудандық маңызы бар автожолдары шығарылып, соңғы жылдары құрылысы жүргізілген, алайда есепке алынбаған жаңа тұрғын жай алқаптарының көшелері елді мекендер көшелері тізіліміне енгізілді.
Бұған дейін тізілімнен тыс қалып келген 1047,2 километрлік елді мекен көшелері қосылуының нәтижесінде нақты пайдаланылудағы елді мекендер көшелерінің ұзындығы 4614,8 километрден 5662 километрге ұзарды.
Оның ішінде, Тараз қаласына жеке тоқталатын болсақ, түгендеуден кейін қолданыстағы көшелердің ұзындығы бұрын 996 километр болса, енді 1831,3 километрге жеткені анықталды. Яғни 835,3 километр көше жаңадан тізілімге енгізілді. Атап айтсақ, олардың саны 576-дан 1330 бірлікке өскен. Жалпы қала бойынша барлығы 805 көше, 3 даңғыл, 440 бұрылыс, 40 тұйық, 42 өткел бары анықталып отыр.
Түгендеу жұмыстарының қорытынды нәтижелеріне сәйкес барлық деңгейдегі жолдар мен көшелердің басымдыққа ие жобалары айқындалып, жол жөндеуге арналған 3 жылдық Жол картасы әзірленіп, бекітілді.
Осыған байланысты өңірімізде биылдың өзінде бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Тараз қаласында 36 жоба бойынша ұзындығы 78 километрді құрайтын 138 көшеге 1,5 миллиард теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұндай жөндеу ісімен негізінен талай жылдан бері өзекті мәселеге айналып келген «Тайвань», «Арай» тұрғын алқаптарының көшелері қамтылды.
Оған қоса, биыл қала көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 100,0 миллион теңгеге бөлініп, 86 көшеде (қоғамдық көлікпен қамтылған) 22000 шаршы метрді құрайтын шұңқырлықты жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінгі таңда бұл жұмыстар өзінің мәресіне де жетті.
Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 250 миллион теңге қаралып, қаланың көп қабатты тұрғын үйлері орналасқан шағын аудандардағы жол жабындыларын ағымдық жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды.
Жалпы, Тараз қаласы көшелерінің жол жабындыларын қалпына келтіру – өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты облыс әкімінің тапсырмасына орай жүргізілген шаһардағы барлық көшелерді түгендеу жұмыстары өз жемісін беруде.
Қала көшелері жабындыларын реттеу үшін арнайы қабылданып, бекітілген үш жылдық Жол картасы аясында бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар (мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау) нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын, инженерлік жүйелері толықтай жүргізілген көшелердің жөнделуі көзделуде.
Осы ретте ағымдағы жылы шаһардағы «Бурыл А,Б,В» тұрғын үй алқаптарында 26 шақырымды құрайтын 50 көшесіне шағал тасты жол салу жұмыстары жүзеге асырылып жатқандығын да айта кеткеніміз жөн. Оның жалпы құны 260 миллион теңгені құрайды. Бұл жұмыстарды «Айя сервис» ЖШС жүргізуде. Нысан 2020 жылға өтпелі болып табылады.
Аталған мәселелер алдағы уақытта да тұрақты бақылауда ұсталатын болады.

Бақытжан ЖӘНІБЕКОВ,
облыс әкімдігі жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support