- Advertisement -

«JAS OTAN» мүшелерінің қатары артып келеді

28

- Advertisement -

Қазіргі кезде өңірімізде «JAS OTAN» жастар қанатының 145 бөлімшесінде 14 220 мүше тіркелген. Биылдың өзінде олардың қатары 674 жасотандықпен толықты.
Бүгінге дейін жасотандықтар түрлі форматтағы 103 іс-шара ұйымдастырып, оған 3 200-ден аса жас қатысты. Ал негізінен «Жастар – Отанға!», «English for Jastar», «Bilim Ortalygy» дейтін маңызды 3 жоба аясында жұмыс жүргізді.
– «English for Jastar» жобасы аясында 6 ауылдық округте 471 бала ағылшын тілінен факультативті білім беру курстарынан өтті. Қазіргі уақытта жобаны жүргізуге Оңтүстік Корея «Gyeongnam» ұлттық ғылым және технология университетінен келген оқытушылар факультативті білім беру жұмыстарын жүргізуде.«Bilim Ortalygy» жобасы Тараз қаласы мен 10 ауданда кітапханалардан 16 білім беру орталығын ашуға негіз болды, – дейді «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев.
Жалпы «JAS OTAN» Жастар қанаты көптеген патриоттық іс-шараларды ұйымдастыруға мұрындық болып жүретіні белгілі. Олар сондай-ақ өскелең ұрпақты қоғамдағы жағымсыз әдеттерге үйір болмауға шақыру үшін түрлі жобаларды да қолға алған. Мәселен, жасотандықтардың бастамасымен биыл облысымыздағы екі мемлекеттік жоғары оқу орнында «таза сессия» акциясы аясында 8 сенім жәшігі орнатылды. «Ауыл – Береке» базарында жастарға кеңес беретін «Кеңес беру» орталығы ашылды. Орталықта 18 саланың мамандары кеңес беретін болады.
2025 жылға дейінгі «Jastar – Otanǵa!» атты «Jas Otan» жастар қанатының бағдарламасы әзірленуде. Бұл бағдарлама аясында барлық санаттағы жастармен кездесулер өтіп, көтерген мәселелерге байланысты бағдарламаның негізі жасалатын болады.

Ардақ Үсейінова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support