- Advertisement -

«Ел бірлігі» доктринасы халық бірлігін нығайтады

88

- Advertisement -

Бүгінде Жамбыл жерін 80-нен аса ұлттың өкілі мекен етуде. Этностық құрамы жағынан үлкен 12 этнос бар. Облыс тұрғындарының басым бөлігінің үлес салмағы қазақтар болса, орыстар, дүнгендер, түріктер, өзбектер, күрділер, әзірбайжандар, қырғыздар, корейлер, татарлар, немістер, украиндар да біздің өңірден өз бақыттарын тапқан.
Облыста этносаралық қарым-қатынасты нығайту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Сонау 1992 жылы-ақ өңірде грек, өзбек, түрік, шешен-ингуш, кәріс, ұйғыр, неміс, украин және орыс, жалпы 9 этномәдени бірлестік құрылып, жұмыс істей бастаған. Ал бүгінгі таңда олардың саны 26 этномәдени бірлестікке жеткен. Осы этномәдени бірлестіктердің түрлі ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтап әрі насихаттауға қосып отырған үлесі зор. Бір сөзбен айтқанда, олар қоғамдық-саяси маңызы бар жұмыстарда қозғаушы күшке айналған.
«Радонеж» орыс қауымы қоғамдық ұйымы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өткізетін іс-шараларында, аймақтағы этносаралық келісімді нығайту жұмыстарында қазақстандық патриотизмді нығайту, ұлттық-мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыруға белсене қатысады. Мемлекеттің ұлттық саясатын қолдайды. Сондықтан қоғамдық маңызды және мәдени іс-шараларды жиі ұйымдастырып отырады. Барлық іс-шараларға Ложкарев фольклорлық этнографиялық ансамблі, орыс халық аспаптары оркестрі, «Красная гвоздика» ардагерлер хоры, «Буратино» балалар би ансамблі, Оңтүстік әскери округінің үрмелі аспаптар оркестрі қатысады. Барлық этномәдени бірлестіктер облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында қоғамдық тұрақтылықты, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, этносаралық келісімді нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты ілгерілетуге арналған және этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамыту мақсатында ауқымды істер атқаруда.
Біз тарих толқынындағы қысқа мерзімде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті күшейту бағытында көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Жалпыұлттық «Ел бірлігі» доктринасы, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актісі қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның ортақ құндылықтарын біріктіреді.
«Ел бірлігі» доктринасы халық бірлігін нығайтуға, демократияны, мәдениет пен өркениетті дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси шаралардың біртұтас жүйесін қалыптастыруға негіз болып отыр. «Мәңгілік Ел» актісі де біз үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлылық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдарын, яғни Тәуелсіз елдің жеті тұғырын бір арнаға тоғыстырды.

Антонина БЕЛЯЕВА,
облыстық «Радонеж» орыс қауымы қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support