- Advertisement -

Тараздық «Тұмар» ансамблі топ жарды

71

- Advertisement -

Жамбыл жері талантты жастарға кенде емес. Солардың бірі – Дидар Басықараев. Ол өзінің күйшілігін, әншілігін біраз жыл бұрын дәлелдеп, мойындатып тастаған. «Күй» аталымы республикалық байқаулардың бас жүлдегері. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей Дидардың айтысып, облыстық жастар додасында жүлде алып жүретіні тағы бар.
Дидар Болатұлы бүгінгі таңда өнер ұжымын басқаруымен де ерекшеленіп отыр. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ол жетекшілік ететін «Тұмар» ұлттық-аспаптық ансамблі Нұр-Сұлтан қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Жастар жылына орай Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында өткізілген І республикалық «Өнер толқыны» атты шығармашылық байқауға қатысып, Бас жүлдемен оралды. Байқаудың бірінші кезеңінде «Тұмар» ансамблі Дәулеткерейдің «Көрұғлы», Нұрғиса Тілендиевтің «Жекпе-жек» күйлерін нақышына келтіріп тартқан. Екінші кезеңде жерлестеріміз Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйімен астаналық көрерменді баурап алды. Ансамбль құрамындағы Аружан Базарбаева, Алмаз Наметов, Аяулым Шымырбайдың шеберлігін айта кеткен жөн. Сондай-ақ Ерлан Жексембаев, Ілияс Орынбаев, Диас Асқаров, Дәурен Бекен ансамбльдің жоғары жетістікке жетуі жолында тер төккен. «Тұмар» ұлттық-аспаптық ансамблінің Нұр-Сұлтанда өнер көрсетуіне аталған университет ректоры Махметғали Сарыбеков қолдау көрсеткен.
– Осылайша, университет үмітін ақтап, жерлестер сенімінен шығып, бас жүлдемен оралғанымызға өте қуаныштымын. Өзің өнер көрсеткеннен гөрі, ансамбльге жетекші болып бару екі есе жауапкершілік, екі есе қиын екен. Абыройлы болдық. Университет ректорына, бізбен бірге қиналған, тілеулес болған проректор Альмира Наурызбекова апайға да алғысым шексіз. «Тұмар» ансамблі алдағы уақытта да жақсы жобаларымен тер төге береді, – деді ансамбль жетекшісі Дидар Басқараев.

 

Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support