- Advertisement -

«Үміттің» балалары үмітті ақтады

50

- Advertisement -

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында жастар және жасөспірімдер арасындағы «Make it possible» республикалық спартакиадасы өтті.
Спартакиада да облыс құрамасының сапында біздің «Үміт» мектеп-интернатының оқушылары да болған еді. Олардың алтауы спартакиаданың жеңімпаз және жүлдегерлері атанып қайтты. Тоғыз құмалақтан қыздар арасында Әсел Мұсаева чемпион атанса, қол күресінен қыздар арасында Әсемай Әштейбекке ешкім тең келмей, бір деммен бірінші орынды иеленді.
Тоғызқұмалақтан ұлдар арасында Бексұнтай Найманов екінші орынды иеленсе, асық атудан Адам Ерболатұлы күмістен алқа тағынды. Сондай-ақ бес асық (шекемтас) сайысында Айсәуле Серданова, қол күресінен ұлдар аламанында Қайсар Садық қола жүлдеге қол жеткізді.
Балаларды спартакиадаға баптаған жаттықтырушылар Бекбота Тапелов пен Ардақ Итемгенованың еңбегі ерен. «Үміт» мектебінің спортшы оқушыларына Талас ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерік Мамадияров ерекше қолдау білдіріпті. Жеңімпаз және жүлдегер оқушыларды аталған «Үміт» мектебінің директоры Фариза Қазыбек аудан шекарасынан қарсы алып, құрмет көрсетті.

Бағдат Рүстемова,
облыстық «Үміт» мектеп-интернатының тәрбиешісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support