- Advertisement -

Француздар 64 жасқа дейін еңбек еткісі келмейді

53

- Advertisement -

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 желтоқсан Франция үшін «қара бейсенбі» болды. Ел бойынша 245 жерде наразылық акциялары өтіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Қалаларда көлік қатынасы тоқтатылып, әуе рейстері кейінге қалдырылған. Мұғалімдер, әуе диспетчерлері, медицина, полиция және сот қызметкерлері жұмысты доғарып, көшеге шыққан. Олар үкіметтің зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізуіне қарсылықтарын жеткізді.

Зейнетақы реформасына келсек, жаңа жүйе бойынша енді 42 түрлі режим болмайды. Барлық зейнетақы алушылар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл 2025 жылдан бастап күшіне енеді. Реформаға сай зейнетақы есептеу қағидаты өзгертіліп, балдық жүйе тіркеледі. Зейнетке шығу 62 жас болып, өзгеріссіз қалады. Дегенмен, шегерімдерсіз толық зейнетақы сомасын алу үшін 64 жасқа дейін жұмыс істеу керек болады. Француздар бұл жаңашылдыққа көнбей отыр. Билік болса тұрғындарды еңбекке ұзағырақ араласуға шақырып әлек.

Бұл ереуіл Макрон басқарып отырған үкімет үшін сын сағаты. Себебі теміржолшылар кәсіподағы біріксе, елдегі барлық қозғалыс тоқтайды деген сөз. Оған тағы халықтың қолдауын қосыңыз. Үкіметтің ереуілшілер талабына көнуден басқа амалы қалмайды. Дегенмен, Макрон халықтың талабына көнсе, беделін төмендетіп алуы мүмкін, — дейді саясаттанушы Фредерик Даби.

Айта кетейік, қоғамдық көлік, жүрдек пойыздар тоқтап тұрғандықтан қазір тұрғындар жеке көлігін тақымдаған немесе таксимен қатынап жатыр. Соңғы келіп түскен ақпараттар бойынша Франциядағы көлік кептелісі 550 шақырымға жетіпті.

Тіпті Париждегі Эйфель мұнарасы да жабылды.

Ұлттық ереуілге байланысты бүгін жабықпын, — делінген мұнараның Twitter-дегі парақшасында.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support