- Advertisement -

Кісі өлімінің құпиясы 21 жылдан соң ашылды

30

- Advertisement -

Осы жылдың 16 қарашасында Мойынқұм ауданы полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 21 жыл бұрын орын алған кісі өліміне кінәлі Мойынқұм ауылының 61 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.
Күдікті өз түсініктемесінде аталған жағдайдың достарымен ішімдік ішіп, ерегісіп қалуы салдарынан орын алғанын мәлімдеді. Ерегіс кезінде күдікті «ИЖ» маркалы 12-ші калибрлі қарудан оқ атып, нәтижесінде, қарсыласы оқиға орнында қаза болады.
Тергеу жұмыстарының барысында күдіктінің көрсетуімен үйінің ауласынан жерленген мәйіттің қалдықтары табылды.
Одан бөлек, күдікті 2013 жылы ерікті түрде өткізу акциясында оқ атылған қаруды Мойынқұм ауданы ішкі істер бөліміне өткізгенін айтты. Өткізгені туралы мәлімет АЕК-на тіркелген.
Сонымен қатар ішімдік ішіп отырған көрші бөлмеден оқ дауысын естіген куәгер түсініктемесі бар.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімімен (кісі өлімі) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support