- Advertisement -

Мемлекеттік газет– ең алдымен мемлекеттік қызметкерлерге керек!

59

- Advertisement -

«Aq jol»-ға жазылуға асығыңыздар, ағайын

Елбасы алдымызға әлемдегі 30 өркениетті елдің қатарына қосылу міндетін қойды. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекетіміз бәсекеге барынша қабілетті болуы тиіс. Оның бір шарты – білімді болу. Бұған Алаш арысы Міржақып Дулатовтың «Баспасөзі мықты елдің өзі де мықты» деген сөзін мысалға келтірсек те жеткілікті.

Облыстық «Aq jol» газеті әлемдегі, еліміздегі жаңалықтарды, өңірдің тірлік-тынысы, атқарылып жатқан игілікті істерді, тарихи-танымдық материалдарды да жариялап келеді. Оның әрбір санының беттерінен отансүйгіштікке үндеген, өнегелі де игілікті істер туралы мақалаларды жиі оқуға болады. Соңғы жылдары оның беттерінде оқырмандарға рухани азық болатын арнайы танымдық беттер тұрақты берілуде. Газеттің алтын діңгегі – оқырман. Редакция қызметкерлері оқырманның талғамынан шығу үшін ізденістерін үздіксіз жалғастыруда.
Соңғы жылдары мерзімдік басылымдарға жазылу кезінде журналистеріміз аудандарда болып, оқырмандармен кездесуді игі дәстүрге айналдырған. Онда айтылған өтініш-тілектер ескеріліп, газет беттерінде көрініс табуда. Биыл оқырмандардың «Aq jol»-ға деген ықыласы мен ризашылығы айрықша екені байқалды. Бұл басқосулар көкейге басылымның келесі жылғы таралымы да бұрынғы жылдардағыдан аз болмайды деген сенім ұялатқан еді. Алайда үстіміздегі жылдың 29 қарашасындағы газетке жазылу жөніндегі мәлімет осы мерзімде облыс бойынша «Aq jol»-ға 4333 адам ғана жазылғанын көрсетіп отыр. Өткен жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 5563-ті құраған болатын. Ал бүгінге дейін облыс айнасына Жамбыл ауданында – 923, Шуда – 637, Қордайда – 525, Жуалыда 410 оқырман жазылып, көш бастап тұр.

Мойынқұм, Талас, Т.Рысқұлов және Сарысу аудандарында бұл көрсеткіш мүлде алаңдатарлық. Тараз қаласында 350 мыңға жуық тұрғын бар. Облыстағы зиялы қауымның дені осында шоғырланған. Шаһарда 60 қазақ мектебі бар. Прокуратура, сот, ішкі істер департаменті де осында. «Қазфосфат» сияқты алып кәсіпорындар да бар. Жоғары және арнаулы оқу орындары мен мәдениет ошақтары қаншама?! Соған қарамастан Тараз қаласында облыстық газетке қазірге дейін бар болғаны 230 адам ғана жазылған.
«Aq jol» – Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық саясатын насихаттайды, облыс әкімінің атқарып отырған жұмыстарын халыққа егжей-тегжейлі жеткізеді. Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын жариялайды. Ал газет оқымайтын мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттің қызметін қалай ойдағыдай жүзеге асырады? Мерзімдік басылымдарды оқымайтын мұғалімдердің шәкірттерінің алдында беделі қалай көтеріледі? Мұғалім білімді және білікті болмаса, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалай тәрбиеленеді?
Бүгінде айналамызда қымбаттамай жатқан зат жоқ. Жұрттың жағдайы ескеріліп, оқырмандарға жазылым үшін қолжетімді баға ұсынылуда. Әркім жағдайына қарай жарты жылға және бір жылға толық жазылуға болады. Үш мың теңгеге жарты жыл бойы үйіңізге аптасына үш рет 6 және 8 беттік рухани азық жеткізіліп тұрады.
«Ештен кеш жақсы» дейді халық. Жазылым науқанының аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. «Aq jol»-ға жазылуға асығыңыздар, ағайын!
Өйткені уақыт күтпейді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support