- Advertisement -

Қала әкіміне зор міндет жүктелді

68

- Advertisement -

ҚР Президенті әкімшілігі мен Тараз қалалық мәслихатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Тараз қаласының әкімі болып Айтқазы Дәулетқұлұлы Қарабалаев тағайындалды.

Қала активіне жаңа басшыны таныстырған облыс əкімі Асқар Мырзахметов оған алда атқарылуы тиіс негізгі жұмыстарды тізіп шықты. Олардың қатарында қала ішіндегі жолдарды жөндеу, қала орталығынан шалғай орналасқан алқаптарға газ, ауызсу, кəріз жүйелерін жүргізу, қоғамдық көліктерді электронды төлем жүйесіне ауыстыру мен аялдамаларды бірыңғайландыру сынды жұмыстар бар.
Өз кезегінде қаланың жаңа тағайындалған басшысы артылған сенімді ақтау жолында бар күш-жігерін сала қызмет ететінін айтып, уəде берді.
Айта кетейік, бұрындары Жуалы, Талас аудандарын басқарған Айтқазы Қарабалаев жаңа лауазымға «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Түркістан облыстық өндірістік филиалының директорлығынан келді.

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support