- Advertisement -

Ардагер полицейлер аламаны

41

- Advertisement -

Бильярдқа аңсары ауған полиция саласының ардагерлері арасында кезекті мәрте бәсі басым турнир өткізілді. Бұл турнирге тастаяқты жанына серік еткен кіл мықты ардагерлер қатысып, жүлделі орындарды өзара сарапқа салды.
Ардагерлердің ойын үлгісі доданы тамашалауға келгендерге ұнағаны анық. Олар әлі де шеберліктерін жоғалтпапты. Барлығы жарысқа спорттық тұрғыдан да, психологиялық жағынан да тыңғылықты дайындалып келгені айқын көрініп тұрды.
Тастаяқшылар додасында өзінің шын мықты екенін дәлелдей білген Әділ Сариев қарсыластарының барлығынан басым түсіп, жеңістің ең биік тұғырынан көріне білді. Жүлделі екінші орын әдемі ойын өрнегін көрсеткен Тоқсанбай Амановтың қанжығасында кетті. Турнирдің қола жүлдесі Сағынғали Сапарбеков пен Еділ Жұмағалиевке бұйырды. Олар да жарыс барысында өздерінің үздік ойындарымен көрермен көңілінен шыққанын айта кеткен жөн.
Жарыс қорытындысында қатарынан оза шапқан жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сый-сияпатқа, арнайы әзірленген диплломдарға ие болды. Сондай-ақ дуы басым доданы жоғары деңгейде өткізген ұйымдастырушылар мен төрешілер де марапат атаулыдан тыс қалған жоқ.
Жалпы алғанда ардагерлер арасындағы аламан қашанда қызықты өтетіні белгілі. Сондықтан да осынау доданы полиция саласының ардагерлері асыға күтетіні айтпаса да түсінікті. Бұл жолы да жарысқа қатысқан ардагерлер бильярд ойынына тән барлық шеберліктерін ортаға салды. Шабуылда да, қорғаныста да жақсы ойнай алатындарын тағы бір дәлелдеді. Бильярд спорты ескі достарды басын қосуымен де қызық қой.

Тұрдалы ШЕРАЛИН,
ОПД ардагерлер
кеңесінің төрағасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support