- Advertisement -

Қали Қораласбаев – бас жүлдегер

119

- Advertisement -

Жуырда Алматы қаласында «Өнерлі елдің өресі биік» атты IV республикалық ата-аналар арасында өнер байқауы өтті. Байқау қарттар арасындағы ән мен жырдан, қолөнер мен сурет салудан нағыз өнерліні, шын шеберді анықтауды көздейді. Егде кісілерді қатыстыру арқылы ескірген, ұмыт болған халық әндері мен күйлерін қайта жаңғыртуды, қолөнер бұйымдары бойынша ұлттық өнердің жаңғыруына жол ашуды мақсат тұтты.
Шу ауданынан Қали Қораласбаев «Қолөнер» аталымы бойынша, Көшкінбай Арғынбеков «Ән салу» аталымы бойынша қатысқан.
Байқауда келген жерімнің өзі, Керей мен Жәнібектің ту тіккен жері, әз Төле би бабаның кіндік қаны тамған жер. Балуан Шолақ, Бөлтірік, алты салдың жүрген жері. Әбдімомын күйшідей, Аяз ақын жыршыдай саңлақтарын тудырған, қасиетті Шу жерінен келіп тұрмын дедім. Байқауға сан ғасырларға куә, бабаларымыздың қаны мен жасы тамып сіңген, туған жердің тасынан жасалған «Абыз», «Өлі жауынгер» атты мүсіндік жұмыстарымды ұсындым, – дейді ол.
Нәтижесінде Қали Қораласбаев бас жүлдені жеңіп алса, Көшкінбай Арғынбеков II орын жүлдегері атанды.

Затыхан ДАБЕРОВ,
еңбек ардагері.

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support